Шағымданушылардың 80 пайыздан астамының құқығы қорғалды
14 Февраля 2020 (16:39) | 1413 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы 13 ақпандағы Қоғамдық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, аумақтық департаментке өз құқығын қорғау бойынша 17 адам шағымданған болса, оның 14-нің құқығы қорғалды немесе 82%(Агенттіктің Стратегиялық жоспарына сәйкес меже - 48%).
Сонымен бірге тексерулер нәтижесінде 2019 жылы 12 қызметші тәртіптік жазаға тартылып, саны 2 еседей азайған (2018 - 21).
Аумақтық департаментпен мемлекеттік органдарда 2019 жылы 30 тексеру жүргізілген, бұл 2018 жылмен (43 тексеру) салыстырғанда 1,4 есеге азайған. Яғни, Департамент қазіргі таңда мемлекеттік органдарда заңнамалардың сақтау бойынша профилактикалық шараларға үлкен мән беруде.
Оның тағы бір дәлелі, тәртіптік тәжірибе бойынша 2018 жылмен салыстырғанда қозғалған істер саны 5 іске азайған, керісінше профилактикалық шаралар көбейген (қаралған сұрақтардың 58%, ал өткен жылы - 49% құраған).
- 2019 жылы қаралған 35 тәртіптік істің 17-сі немесе 48,6% қысқартылған. Қысқартылған істердің ішінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 6 (35,3%)мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды,-деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен және tengrinews.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему