Ақтау қаласындағы Полиция басқармасында Ассамблея өкілдерімен кездесу өтті
18 Ноября 2019 (11:58) | 1817 | Автор: Редакция
Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының Кадр қызметінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы Қазақстан халкы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан - өз үйім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Аталмыш шараға «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Маденова Раиса Ивановна, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Курдоглян Айрапет, «Дагестан» дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Шахшаев Юсуп, «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Кержбаум Юрий Израильевич қатысты. Халықтар достығы, бірлік пен сыйластық туралы әңгіме шертуге Ақтау қаласы Полиция басқармасынын бөліністерінде қызмет етіп жүрген өзге ұлт өкілдері де келді.
Шараны қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Кирбасов Илияс Асқарұлы ашты. Облыста өз халқының мәдениетін, тілін, әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дамытумен айналысатын 21 этномәдени бірлестік бар. Бүгінде Ақтау қаласының Полиция басқармасында полиция қатарында Титаренко Елена, Яцко Дмитрий, Алиев Ровшан, Лобян Рима, Исмайлов Гульахмед, Касимов Бахадир, Ли Максим сынды орыс, украин, әзірбайжан, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері қызмет атқарады. Өз қызметінен басқа республика, облыс көлеміндегі қоғамдық шараларға белсене қатысып жүрген қызметкерлеріміз де бар. Жыл сайын өтетін республикалық «Парасатты полицей» республикалық байқауының жеңімпаз қатысушылары Исмайлов Гульахмед пен Ли Максимді ерекше айта аламын,-деп атап көрсетті Кадр басшысы.
Мемлекетіміздің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда тұратын өзге бірнеше ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулық пен бірлікте өмір сүруде. Осындай сыйластығы жарасқан қазақ елінде тұратынымызды мақтанып етіп жүруіміз керек. Полиция қызметін қоғам бағалап жатыр. Халықтар достығы, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту жолында бірлесе үлес коса беретін боламыз,- деді «Дагестан» дағыстан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Юсуп Шахшаев. «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Курдоглян Айрапет дөңгелек үстелге қатысқан жастарга ұлтаралық татулық пен достықтың маңыздылығын, оны құрметтей білу керектігін айтып өтті.
Жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірден бір ел - ол Қазақстан. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтан етемін. Әрбір отбасының өзінде қауіпсіздік туралы түсінік қалыптасады. Қоғам кауіпсіздігі жолында іс-әрекеттеріңді бағамдап, саналы түрде алға қадам басу кажет деп ойлаймын,-деп әңгімесін аяқтады «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум.
«Сіздер қоғамның тыныштығы мен халықтың кауіпсіздігі жолында аянбай кызмет атқарып келесіздер. Еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмірді камтамасыз етуге үлкен үлес қосудасыздар. Ел бірлігін қорғау мен тыныштығын сақтаудағы еңбектеріңізге табыстар, отбастарыңызға береке-бірлік тілеймін», -деді Маденова Райса «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің тѳрайымы.
Дөңгелек үстел отырысының соңында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, осындай игілікті шаралар жалғасын таба берсе деген тілектерін білдірді.
Фотоны ұсынған полиция департаменті
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему