Маңғыстау облыстық соты сала ардагерлеріне құрмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 11/01/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
11 Января, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты сала ардагерлеріне құрмет көрсетті

2 Октября 2014 (06:53) | 2362 | Автор: Redactor

 

Маңғыстау облыстық сотында елімізде жыл сайын 1-қазан күні аталып өтілетін «Қариялар күніне» арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

 

Бұл мереке-аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

 

Мерекелік кешке облыстық сот жүйесінде ұзақ жылдар бойына жемісті еңбек еткен сот саласының ардагерлері-доғарыстағы судьялар шақырылды.

 

Жиында құттықтау сөз сөйлеген Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров елге еңбегі сіңген қариялардың қоғамның дамуына қосқан зор үлестерін атап өтті.

 

 

- Қарттарым, аман-сау жүрші» деп ақын жырлағандай, сіздер аман болсаңыздар-елде тыныштық болады, береке орнайды. Біздің аузы дуалы абыз ақсақалдарымыз бүгінгі күні мемлекет ісіне де араласып жүр.

Өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымай сіздер солардың барлығын жеңіп щықтыңыздар. Алдыңғы буын ағалар, сіздердің Маңғыстау облысының сот саласына қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз. Республика бойынша облысымыздың алдыңғы үштіктің қатарында болуы-ол, әрине, сіздердің толағай табыстарыңыздың жемісі.

Сіздерге қарап, бүгінгі буын-інілеріңіз, қарындастарыңыз, сіңлілеріңіз бой түзеуде. Сіздердің жеткен жетістіктеріңізді төмен түсірмеу үшін бүгінгі судьялар да жемісті еңбек етуде. Сол үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Өздеріңізбен тағы бір рет дидарласуды мақсат етіп, сіздерді бүгінгі мерекелік кешке щақырып отырмыз.

Құрметті ардагерлер! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, шаңырақ шаттығын, бала-шағаларыңызға-амандық тілеймін,-деді облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров.

 

 

Жиынды жүргізген облыстық соттың бас маманы Қазиев Ерсін «Аман болшы, қарттарым» тақырыбында баяндама жасады.

 

Баяндамашы: «Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына, жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды»,-деп қарияларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қамқорлық туралы айтып өтті.

 

 

Бұдан әрі салтанатты кеште сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны, ұзақ жылғы жемісті жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Маңғыстау облыстық филиалының атынан доғарыстағы судьялар Қауылтай Сәрсен Қуанғазыұлына, Кабаков Керекке, Орынбаев Итемген Орынбайұлына, Кузнецов Юрий Алексеевичке, Кемелханов Жаңабай Шаңдыбайұлына, Ахмедова Қалия Шафиғоллақызына, Ким Валентина Николаевнаға, Оразбаева Мағрипа Салиққызына, Унербекова Алтынай Тобағұлқызына, зейнет жасына шыққан кеңсе қызметкері Жәнібек Әнуарбек Қайырғалиұлына мерекелік сыйлықтар табысталды.

 

Кеш соңы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, әншілер әсем ән-жырдан шашу шашты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему