Басқарма басшысын тәртіптік жазаға тарту ұсынылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Басқарма басшысын тәртіптік жазаға тарту ұсынылды

12 Августа 2019 (09:06) | 1929 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы әдеп кеңесінде «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза алды. Себебі, мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге жол берген. Шығарылған шешім өңір басшысының атына ұсыным ретінде жолданатын болады. Әдеп кеңесінде бұдан бөлек бірнеше мәселе қаралды»,- деп мәлімдейді біздің басылымға жолдаған хабарламасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстаау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі .

 

 

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының денсаулық сактау басқармасы басшысы Т.Бапиевке қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды. Мәселенің мән-жайына келетін болсақ, Ақтау қалалық прокуратурасының ұсынысы негізінде аумақтық департамент және облыстық еңбек инспекциясы басқармасымен бірге өз құзыреті шегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасында тексеру жүргізіп, Басқармаға қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшыларын тағайындау барысында бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

 

Мәселен, тексеру барысында Ақтау қалалық №1 емханасы басшысының уақытша міндетін атқарушысы қылып бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған тұлғаны тағайындағаны анықталған. Бұдан басқа, №1 Ақтау қалалық емханасы, №1,2,3 Жаңаөзен қалалық емханалары, Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы, Боранқұл ауылдық ауруханасы, облыстық балалар ауруханасы, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы басшыларының міндетін уақытша атқарушы лауазымдарына ұзақ мерзім бойы конкурс өткізбей тағайындағаны белгілі болған.

 

 

Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Басқарма басшысы Т.Бапиевке қатысты тәртіптік іс құжаттарын жан-жақты талқылай келе, соңғының тарапынан мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол берілген деп тауып, оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Маңғыстау облысы әкімінің атына ұсыным жолдау туралы шешімге келді.

 

Мұндай шешімнің қабылдануына, қызметші Т.Бапиевтің Басқармаға қарасты бірнеше мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшыларының міндетін атқарушы етіп «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» талаптарын ескермей, конкурссыз тікелей жұмысқа қабылдау арқылы заң бұзушылықтарға жол бергендігі және осы орындарға міндетін атқарушы етіп тағайындағаннан кейін де ұзақ мерзімде конкурс жарияламағандығы, осылайша шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткендігі негіз болды.

 

 

Өз кезегінде Ақтау қалалық №1 емханасы басшысының міндетін атқарушы ретінде тағайындау дерегі қолданыстағы еңбек заңнамасының бұзылуына әкелетіндігі, себебі ол аталған емханада немесе облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың бірде-бірінде жұмыс жасамағандығы басты назарға алынды.

 

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде прокуратура органдарымен енгізілген наразылық негізінде №1 Ақтау қалалық емханасы директорының м.а. лауазымына тағайындау бұйрығы заңсыздығы негізінде бұзылған және ол шешімге сот органдары арқылы құқықтық баға беріліп, күшінде қалдырылған.

 

Келесі болып Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Ахметжановаға қатысты тәртіптік іс қаралды.

 

Тәртіптік істің қозғалуына Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 03.06.2019 жылғы жекеше қаулысы негіз болды. Жекеше қаулыда, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 83 бабы 1 бөлігі бойынша лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарау барысында, оған құқықтары мен міндеттері түсіндірілмегені, әкімшілік істі оның қатысуынсыз қарағаны және лауазымды тұлғаның бөлім басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалуына бар-жоғы 6 күн болғандығын, яғни қысқа мерзім ішінде тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою мүмкін еместігі ескерілмеген.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері соттың жекеше қаулысы заңды күшіне енуіне байланысты ондағы көрсетілген мән-жайдың толық зерделенгенін ескере келе, К.Ахметжановаға мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талабын бұзғаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

 

Қабылданған шешім жоғары тұрған органның басшысына тиісті шаралар алу үшін жолданатын болады.

 

 

Отырыс барысында қаралған үшінші мәселе Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Балиұлына қатысты қозғалған тәртіптік іс.

 

Тәртіптік істің қозғалуына, «facebook» әлеуметтік желісіне Ақтау қаласының 14 «А» және 15 «А» шағын аудандарындағы теңіз жағалауында Ақтау қаласы әкімдігінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларымен бірге жеке кәсіпкерлердің қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі негіз болған.

 

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі жеке кәсіпкерлерге уақытша кәсіпкерлікті жүргізуге рұқсатнама беру тәртібі, оның ішінде балаларға арналған жылжымалы ойын құралдарын орналастыру және олардың санын белгілеу Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңымен немесе қандайда бір нормативтік-құқықтық актілерімен реттелмегенін, сонымен бірге мониторинг кезінде айтылған басқа да кемшіліктер негізсіз және жеткілікті дәлелдердің болмауына байланысты, қызметші Б.Балиұлына қатысты тәртіптік істі тоқтатуға жатады деп тапты.

 

-Бұдан басқа, кеңес отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жүктелген Инспекция басшысының орынбасары Б.Марқабаевтың есебі және 2019 жылдың 2 тоқсандық қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдау қорытындысы тыңдалып, мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктер бойынша бірнеше ұсыныстар берілді,- деп хабарлайды Департаменттің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему