Бітімге келудің мәні зор
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімге келудің мәні зор

7 Августа 2019 (17:01) | 2030 | Автор: Нурганым Имашева

Елімізде «Медиация туралы» Заң қабылданғалы жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын дауларды бітімгершілік арқылы қысқартуға ден қойылды.

 

 

Медиацияны жүргізу барысында еріктілік, тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық сақталады.

 

Алғашқы жылдары медиацияны жатсынғанымызбен, қазір бітімгершіліктің мәнін түсініп, бітімге келуге асыққан тараптарды көргенде қуанатынымыз жасырын емес.

 

Осы орайда, Маңғыстау облысы соттарының медиация бойынша ағымдағы жылдың 6 айындағы нәтижесіне назар салсақ. 1150 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған. Олардың ішінде 195 іс бітімгершілікке келу арқылы аяқталған. Былтыр 583 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған, яғни бұл көрсеткіш 567 данаға өскенін байқаймыз. Олардың ішінде 950 іс медиацияның тәртібімен аяқталған. Партисипативтік келісімге келу арқылы 5 іс қаралған, былтыр 1 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте қаралған еді.

 

Елімізде кең көлемде медиация насихатталып, татуластыру бойынша пилоттық жобалар іске қосылғаны белгілі. Мәселен, соттарда медиация кабинеттері, фронт-офистер ашылып, ХҚКО-да, өңірлік кәсіпкерлер палатасында, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясында татуластыру орталықтары өз жұмыстарын бастады. Аталған орталықтарда азаматтар медиатор, адвокаттардың қызметіне жүгініп, тіпті ХҚКО-да көрсетілетін қызметтерге де қол жеткізуде.

 

Алдымен бір терезе арқылы көрсетілетін мұндай қызметтердің орталықтарға шоғырлануы азаматтардың алтын уақыттары мен қаржысын үнемдеуге септігін тигізуде. Сондай-ақ, Жоғарғы сот 2018 жылдың сәуірінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының аясында «Соттағы татуластыру рәсімдері» туралы жаңа жобаны жүзеге асырды.

 

«Сот төрелігінің жеті түйіні» негізінде Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотында медиация кабинеті ашылып, «Соттағы татуластыру рәсімдері» атты пилоттық жоба іске қосылып, судья-медиатор тараптарға «Алтау ала болса, ауыздағы кетіп, төртеу түгел болса, төбедегі келетінін» түсіндіріп, сотқа келген тараптарды татуластыруда.

 

Соның ішінде, экономикалық соттарда жеке және заңды тұлғаларға қатысты күрмеуі көп күрделі даулар жиі қаралатындықтан дауларды медиациямен шешудің маңызы зор. Экономикалық сотқа талап қоюшы арыз келтірсе, бес жұмыс күні ішінде судья-медиатор тараптарды шақыртып, дауларды татуластыру арқылы шешу жолдарын түсіндіруді белсенді қолға алып отыр.

 

Қорыта айтқанда, дауласушылар медиацияға жүгінген жағдайда уақыт пен қаржы үнемдеуден бұрын, тараптар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты сақтап, арадағы мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін айтып кеткен жөн.

 

ӨМІРЗАҚ САДЫҚОВ

Маңғыстау облысы мамандандырылғанм ауданаралық экономикалық сотының судьясы 

 

Суретті ұсынған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему