Маңғыстау облысының құрама командасы ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI чемпионатының жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 15:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының құрама командасы ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI чемпионатының жеңімпазы атанды

6 Августа 2019 (13:12) | 1984 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының құрама командасы ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI Чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанды.

 

 

3 күнгі жарысөрт сөндіру-құтқару спортыныңкелесі түрлері бойынша жүргізілді: ерлер мен әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю.

 

Төрешілер бригадасы құрамында халықаралық дәрежедегі 4 төреші, ұлттық дәрежедегі 2 төреші және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 28 төреші мықты командаларды анықтады.

 

 

Ұпай санының қорытындысы бойынша, ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI Чемпионатының жеңімпазы - Маңғыстау облысының құрама командасы болды. Екінші орынды - Алматы қаласының құрамасы иеленді. Үшінші орын - ШҚО командасына бұйырды.

 

Чемпионаттың басты төрешісі, ҚР «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқарушы комитетінің директоры Дәурен Төлегенұлы Данаев, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Барат Оспанұлы Дұзақбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Бақтыбайұлы Таубаев, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сағынбек Сиратұлы Өмірзақов және «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Абдулқапар Жақсылықұлы Джуманов чемпионаттың кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен командаларға марапаттарды табыс етті.

 

 

Әйелдер арасындағы ҚР VI Чемпионатының жеңімпазы болып Шымкент қаласының құрама командасы атанды. Екінші орынды Нұр-сұлтан қаласының құрама командасы иеленді. Үшінші орынды - Ақтөбе облысының командасы жеңіп алды.

 

2020 жылға өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР Чемпионатын ұйымдастыру кезегі Қостанай облысына берілді.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлайды.

 

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему