Спортшыны тәрбиелегені үшін алғыс білдірді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 23:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Спортшыны тәрбиелегені үшін алғыс білдірді

13 Июня 2019 (07:30) | 7239 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» басшылығы аймақтағы өрт сөндіру-құтқару спортын дамытуға, спортшыларды дайындауға, керекті жабдықтар мен киім-кешекке үлкен көңіл бөледі.

 

 

Қызмет басшылығы 11 «В» сынып оқушысы Дәурен Құсмановты ҚР ІІМ ТЖК жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша III-ші қысқы чемпионатында қола медаль жеңіп алуымен құттықтады. Дәурен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына кіреді.

 

Спортшыны тәрбиелегені үшін сынып жетекшісі Капашова Гүлнұр Сұлтанқызына алғыс айтылып, өрт сөндіру қызметінің атынан алғыс хат пен гүл шоғы табыс етілді.

 

 

-Біздің спортшыны оқытып, тәрбиелегеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Әр оқушыға деген сезімталдығыңыздың бен педагогикалық талантыңыздың арқасында балалар мықты білім алып, өз қабілеттері мен таланттарын аша білді. Сіздің еңбекқорлығыңыз, шыдамдылығыңыз, барынша қолдау көрсетуге әзір екендігіңіз үшін сізге үлкен құрмет, – деп атап өтті«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» басшының орынбасары Еркінбек Нұрғали өз сөзінде.

 

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының құрама командасының құрамындағы Дәурен 2019 жылдың маусым айының 11 мен 14 аралығында Петропавл қаласында өтетін ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ Кубогына жарысқа кетті. Алда біздің спортшыларымызды Атырау қаласында ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ХХVI жазғы чемпионаты және әйелдер арасында ӨСҚС бойынша ҚР VI жазғы чемпионаты, Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында ӨСҚС бойынша ҚР ІХ чемпионаты күтіп тұр.

 

Өрт сөндіру-құтқару спорты өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының дене дайындығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл спорт түрінің барлық элементтері өмірден алынған, ол жеңіл атлет жылдамдығын, зілтемірші күшін және гимнастшының ептілігін біріктіреді.

 

 

Өрт сөндіруші кедергілерден жылдам өткен сайын, өртті сәтті сөндіреді, баспалдақпен шапшаң көтерілген сайын, ол төтенше жағдайды тезірек жоя алады. Ал рухтың күші мен өзін-өзі ұстау құтқарушыға отпен қауіпті шайқаста іс-қимылдың айқындылығын және ойдың шынайылығын сақтауға көмектеседі,-дейді жағымды жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суретті түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему