Маңғыстауда сайлаушылар үшін барлық қолайлы жағдай жасалды
9 Июня 2019 (15:09) | 1994 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеді. Олардың айтуынша, «Облыста 223 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтауда 74 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-00 ден бастап өз есіктерін сайлаушылар үшін айқара ашты.
25-мамырдан бастап әрбір сайлаушы өзіне жақын сайлау учаскесіне барып, тізімге енген немесе енбегені туралы ақпарат алу мүмкіндігі берілген болатын.
Егерде 9-маусым күні әртүрлі себептермен тұрғылықты жерінде болмайтын азаматтар есептен шығару куәлігін алуы керектігі туралы ақпарат таратылды. Сол куәлікпен жүрген жерінде тіркеліп, дауыс бере алады.
-Вахталық әдіспен қызмет атқаратын мұнайшылардың сайлауға қатысуы үшін тізімдер жасақталып, кенорындарында 5 сайлау учаскелері ашылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық сайлау учаскелерінде арнайы жағдай жасалған. Бұл биылғы сайлаудың ерекшелігі болып табылады. Есту қабілеті төмен адамдарға құлаққаптар, кабиналарда көзі көрмейтін топтағылар үшін трафареттер орнатылған, лупа-әйнектер қойылған.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы пандустардың жабдықталғанын көруге болады.
Әртүрлі ерекшеліктерге арнайы жасақталған учаскелерде 8000 ға жуық сайлаушы дауыс бере алады, - дейді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшелері.
Видеоны түсірген Нүркен ТӘЖІБАЙ, суреттер Нұрғаным Имашеваныкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему