Маңғыстаулық полиция үш күнде борышкерлерден 15 млн теңгеге жуық айыппұлды өндірді
1 Апреля 2019 (09:58) | 1588 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің (ПД) Әкімшілік полиция басқармасы (ӘПБ) облыс аумағында ағымдағы жылдың 26-28 наурыз күндері мекемелердің өкілдерінің қатысуымен "Борышкер" жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Аталған шараға облыстық ПД ӘПБ мен жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) жеке құрамы, прокуратура, мемлекеттік сот орындаушылары мен БАҚ өкілдері жұмылдырылды.
Шараның мақсаты туралы біздің басылымға Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі:
- Ішкі Істер органдарымен (ІІО) салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіруді жандандыру және айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара барысында 3 күн ішінде борышкерлерден 14 млн 584мың теңге айыппұл өндірілді,- деп мәлімдеді.
Іс-шара барысында облыс орталығындағы автожолда борышкерлердің автокөлік құралдарын анықтауға арналған «Автоураган» жылжымалы ақпараттық кешені жұмыс істеді.
Автоматты түрде жұмыс істеп тұрған бейнекамералар арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарын төлемеген борышкерлердің жылжитын және жылжымайтын мүліктеріне сот орындаушыларының қаулысы негізінде қамауға алу шарасы қолданылды.
Іс-шара аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін анықтап, ұстау мақсатында рейдтік шара жүргізіліп, сот қаулысымен 5 автокөлік айыптұрақа жабылып, борышкерлердің мекен-жайы бойынша учаскелік инспекторлар 5154 хабарлама таратқан. Жұмыс орындары бойынша 682 борышкерге ұйғарым жолданған. Жол ережелерін бұзғандарға 14 мың смс хабарлама жіберілген.
-«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында 21 шағынауданда орналасқан Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығына 1242 заңбұзушы келді, олардан 2 млн. 880 мың тенге айыппұл өндірілді,- деп хабарлайды Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өтелмеген борышы бар А. есімді азамат осы «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасын өткізу кезінде Ақтау-Стамбул бағытымен әуе жолымен шетелге шығуға бет алғанда оған сот орындаушылардың әкімшілік айыппұлды өтемеуіне қатысты шығарған қаулысына сай, азаматты ұшаққа жібермей қалған. Сөйтіп, төленбеген борышы үшін оған елден шығуға тыйым салыну шарасы қолданылған.
-Құрметті облыс тұрғындары және қала қонақтары! Маңғыстау облысы Полиция департаментінің (ПД) Әкімшілік полиция басқармасы Сіздерге қазіргі уақытта азаматтардың «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимде, сондай-ақ екінші деңгейдегі 12 банктің кассалық-есептеу бөлімдерінде айыппұл төлеу мүмкіндігі бар екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБКодексінің 811 бабы 1 бөлігінің (әкімшілік-құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) жаңаредакциясына сәйкес, егер әкімшілік-құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құралдарымен тіркелген жағдайда тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы тиісінше жеткізген сәттен бастап,көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығыңыз бар екендігін есіңізге саламыз.
Жоғарыда көрсетілген тәсілмен айыппұлды төлеген жағдайда азаматтар айыппұл төлеу түбіртегін тұрғылықты мекен-жайдағы ішкі істер органына (Ақтау қаласы бойынша 21 шағынаудан, КҚҚКО ғимараты, «У Николая» ҚЖО-на қарсы, 2-қабат), тапсыру қажет,- деп мәлімдейді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы.
Суреттерді ұсынған Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему