Ұлттық дәстүрді дәріптеді
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық дәстүрді дәріптеді

25 Марта 2019 (11:46) | 2618 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментіне қарасты барлық құрылымдар: басқарма, бөлімдер, қызметтері бірлесіп, ұйымшылдықпен 21 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күнін атап өтті.

 

 

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің ауласына ақшаңқан кең киіз үйлер тігілді. Күнделікті қызмет барысында киетін формалық арнайы киімдерін қызылды-жасылды көздің жауын алатындай әсем де сәнді ұлттық киімдерге алмастырған сала қызметкерлері тойға тыңғылықты дайындалғандарын әп сәтте байқатты. Халқымыздың сан ғасыр бойы қалыптасқан қыз ұзату, келін түсіру, құдаларды қарсы алу, сәбиді бесікке салу сияқты салт-дәстүрлері, киіз үйді сән-салтанатымен жабдықтау, қазақтың ұлттық тағамдарының дайындалуы тағы сол сияқты түрлі сайыстан тұратын көлемді байқауға қатысқан әрбір ұжым жеңімпаз атану үшін барларын салды. Мерекелік сайыстың талаптары Департамент ұжымдары арасында алдын ала жарияланып, байқауға арнайы тағайындалған әділқазылар алқасы төрелік етті.

 

Биылғы мейрамға сала ардагерлері де белсене қатысып, өз алдарына ақбоз үй тігіп, өзге ұжымдармен тең барлық сыннан өтуге бел буыпты.

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Сырым Есболаев, ТЖ саласының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сәбит Мұқанов және азаматтық қорғау қызметінің ардагері Николай Александрович Щукин т.б. ардагерлер мерекелік шараның құрметті қонағы болды.

 

 

Салтанатты кештің басында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы Қуанар Бекенұлы Базарбаев сала қызметкерлерін, барша мерекеге қатысушыларды Ұлыстың Ұлы күнімен қызу құттықтап, ізгі тілегін арнады.

 

Төрт киіз үйге кезекпен кірген қазылар алқасына ТЖ департаментінің әрбір құрылымы өздері дайындаған салт-дәстүр көрінісі мен ұлттық тағамдар туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, сайысқа тыңғылықты дайындалғандарын байқатты. ТЖ саласының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сәбит Мұқанов жетекшілік еткен әділқазылар алқасы байқаудың талаптарына сай әрбір құрылымның жақсы дайындалғанын, белсенділігін атап өтіп, барлық қатысушылардың зор еңбегін ескеріп, марапаттау сәтінде арнайы дипломдар мен сыйлықтарды тең бөліп таратты.

 

 

Байқау қорытындысы бойынша І жүлделі орынды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің ұжымы жеңіп алды. Бұл мекеменің сайысқа дайындалудағы ерекше ықыласы мен ыждаһаттылығын әділқазылар алқасы атап өтті. Ұжым қазақтың келін түсірудегі сән-салтанатын халқымыздың сонау ежелгі дәстүрімен салт аттылар құраған үлкен көштің келуімен, көш құрамындағы құдалар, қалыңдықтың әсем ұлттық бұйымдардан тұратын жүгі артылған көрінісін қамти отырып, келін түсіру кезіндегі қазақ халқының сан жылдар бойы қалыптасқан жөн-жоралғысын ерекше көрсетуге ұмтылды. ІІ орынға - Апат медицина Орталығының құтқарушы жасағы және «Өртсөндіруші» АҚ қызметкерлерінің көрсеткен көрінісі, киіз үй жабдықтары және ұлттық тағамдары лайық деп танылды.

 

ІІІ орынды Төтенше жағдайлар саласы ардагерлерінің құрамы жеңіп алды.

 

Мерекеде сонымен қатар, өртсөндіру бөлімдерінің құтқарушы сарбаздары арқан тарту, гір тасын көтеру, аударыспақ сияқты бірнеше ұлттық сайыстарда күштерін сынады. Аталған спорттық жарыстардың жеңімпаздарына да қазылар алқасы арнайы дипломдар мен құнды сыйлықтар табыстады.

 

Кеш барысында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің, Ақтау қалалық ТЖ Басқармасының, Суда құтқару қызметі, Апат медицина Орталығы қызметкерлерінің – ТЖ Департаментіне қарасты барлық құрылымдардың қызметкерлері де белсенділіктерімен көзге түсті.

 

 

Облыстық ТЖ департаментінің біртұтас үлкен ұжымы өзінің ауызбіршілігінің мықты, ұлттық салт-дәстүрге берік, өнерді де спортты да қадірлейтін, өз қызметтік міндеттерін де адал атқаруға әркез дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті тірлікті паш еткен төтеншеліктер мейрамды жоғары деңгейде тойлады. Салтанатты шараға арнайы шақырылған сала ардагерлері мен зейнеткерлері өздеріне көрсетілген сый-құрметке қатысты ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдіріп, Наурызға арналған ақжарма тілектерін ағытты.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему