Маңғыстаулық мүгедек балалар Астана, Алматы қалаларына ұшақпен тегін бара алады
22 Февраля 2019 (09:24) | 1332 |
Автор: Нурганым Имашева
-Қазіргі таңда квота бойынша емдеу және оңалту іс-шараларынан өту үшін республикалық орталықтарға баруға мүгедек бала мен ата-анасының біріне темір жолмен жүрудің шығынын өтеу қарастырылған.
Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқанын ескере отырып, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек баламен ата-анасының біреуін қосқанда екі жаққа да ұшақпен жол жүру құнын Астана және Алматы қалаларына төлеу туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, республикалық клиникаларда және облыс орталықтарында Денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек алу кезінде аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына темір жол көлігімен жол жүру шығындары өтелетін болады,-деді облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде деп хабарлайды Маңғыстау облысы Өңірлік коммуникациялар Қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Өңірлік коммуникациялар Қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему