Бостандыққа бастар жол
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бостандыққа бастар жол

24 Января 2019 (09:50) | 1366 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда бас бостандығынан айыру орындарын «түзеу мекемелері» - деп жұмсартып айтқанымызбен, ол халықтың санасында бәрібір «түрме» атауы қалпында сақталынып қалған.

 

 

Шынын айту керек, түрме сөзі сырт адамның өзіне соншалықты суық естіледі. Қалай дегенде де осындай қоршауы мықты орындарда қылмыс жасағаны үшін көптеген адамдар жазаларын өтеуде.

 

ГМ – 172/10 мекемесінде белгілі қылмыстық әрекеттері үшін сот үкімінің шешімімен жазасын өтеп жатқан адамдарды тәрбиелеу, олардың қоғамға пайдалы болу үшін еңбек етуге тиісті іс-шаралар атқарылуда, басты мақсаты - сотталған мен жанұясы арасында байланыстың сақталып қалуы, осығын орай сотталғанды түзеу жолына түсіп, теріс қылықтар жасамай, бостандыққа шығуға ынталандыру.

 

Сотпен тағайындалған жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтеген сотталған заңнамада көзделген тәртіппен жазасы неғұрлым жеңіл жазаға ауыстырылу мүмкін. Босатылатын кезде сотталғанның жеке ісі бойынша толықтай құжаттары рәсімделеді, «Қақпа алдында кездесу» жобасы өткізіліп тұрады, мұндағы басты мақсат – түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарды бостандықтан өз орындарын табуға көмектесу, олардың қайта қылмысқа бармауы үшін ең алдымен еңбекпен қамтылуы.

 

Қортындылай келгенде, ұлы Абайдың баршамыз білетін бір нақыл сөзін еске түсіргім келеді.Ол үш дана сөзі: талап,еңбек, терең-ой.

Талаптансаң-надандықты жеңесің.

 

Еңбектенсең – еріншектікті жеңесің.

 

Ал терең ойлап, есеппен қадам жасайтын адам, зұлымдықтан, қылмыстан аулақ болатыны анық.

 

А.Битимова

ГМ – 172/10 мекемесінің

Арнайы бөлім бастығы

әділет майоры

 

Суреттер kaz.tengrinews.kz6 kaz.caravan,kz6 qamshy.kz6 сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему