Тергеу изоляторының қызметкерлері Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтті
17 Декабря 2018 (09:56) | 2463 | Автор: Нурганым Имашева
Ел тарихындағы азаттығымызды айшықтайтын мәртебелі мереке 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Маңғыстау облысының ҚАЖ Депараментіне қарасты ГМ 172/10 мекемесінде мерекелік шара өтті.
Мекеме қызметерлерінің белсенді араласуымен дайындалып, ұйымдастырылған шара Қазақ елінің Тәуелсіздік тарихын баяндаған «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» атты деректі фильмін көрсетумен басталды. ГМ 172/10 мекемесінің жас қызметкерлері мерекелік кешке тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Бірі әуелетіп ән салса, енді бірі – көңілді әуен ырғағымен би билеп, келесі біреулері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты саханалық қойылым көрсетіп, ҚР Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың қайсар, өжет, намысшыл, өр рухын бейнелеп, кешті тамашалаған қонақтар мен ұжым қызметкерлері алдында өз бойларындағы өнерлерін таныта білді. Мұнан өзге тергеу изоляторының тыныс-тірлігіне қатысты жас қызметкерлердің орындауындағы сахналық қойылым да көрермендердің ықыласына ие болды. Тергеу изоляторына әртүрлі қылмыс жасау салдарынан келіп түсіп жататын күдіктілер мен айыпталушылар, жазаға тартылған сотталғандар-арнайы контингенттермен жұмыс жасайтын қызметкерлер өздерінің жауапкершілік жүгі ауыр, қиын да күрделі қызметтеріне қарамастан, қауырт қызмет арасында уақыт тауып, еліміздің ең ұлық мейрамының бірі – Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кешке қызу дайындықпен келіп, өз ұжымдастары алдында өнерлерін көрсетуге талпынған жас қызметкерлердің талпынысы, қызметтің күрделілігін елемей, белсенді болуға деген ұмтылыстары анық байқалды.
Мекеме басшысы әділет подполковнигі Е.Джигитов ұжымды еліміздің үлкен мерекесі-Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Шара барысында ГМ 172/10 мекемесінде ұзақ жылдар бойына жемісті қызмет етіп, біршама жас қызметкерлерге үлгілі тәлімгер болған, бұрынғы жылдарда мекеменің арнайы контингенттер арасындағы тәрбие бөлімінің, соңғы кезде арнайы есеп бөлімінің басшысы болған әділет майоры Жанжигитова Жібек Қарлыбайқызын құрметті зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Жібек Қарлыбайқызының қылмыстық атқару жүйесіндегі ұзақ жылғы еңбек жолы туралы мәліметпен мекеменің кадр бөлімінің инспекторы Маржан Көпбаева көпшілікті таныстырды. Ұжым мен басшылық атынан әділет майоры Ж.Жанжигитоваға адал, абыройлы қызметі үшін зор алғыс білдіріліп, ақ тілектер ағытылып, естелік сыйлық тарту етілді. Өз кезегінде Жібек Қарлыбайқызы да ұжымға ризашылығын білдірді.
Мерекелік кештің соңында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай қызметтік міндеттерін адал орындап, жетістіктерге жеткен бір топ қызметкерлер ГМ 172/10 мекемесі басшылығының жеке құрам бойынша бұйрығымен арнайы Алғыс хаттар және мадақтау грамоталарымен марапатталды.
Суреттерді түсірген автор
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему