Маңғыстау облысында Көші-қон қызметтері орталығы ашылды
1 Декабря 2018 (15:38) | 3105 | Автор: Нурганым Имашева
1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысы Көші-қон қызметтері орталығының ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанаты барысында облыс әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Полиция департаментінің бастығы Таймерденов Қанат Даниярұлы және қоғамдық ұйымның өкілі Шахшаев Юсуф сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Орталық "бір терезе" қағидасымен жұмыс жасайды. Облыс аумағына келген шет ел азаматтарын тіркеу, келуін, болуын және кетуін бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел азаматтарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ашылған орталық өз жұмысын бастап кетті,
Үлкен жайлы залдар мен электрондық кезек арқылы қызметтерді іске асырады. Бес қабаттан тұратын ғимаратта көші-қон қызметтерінен басқа полиция тарапынан берілетін өзге де мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Бұл туралы біздің басылымға Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Полиция департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему