Маңғыстауда отбасылық сот құрудың маңыздылығы сараланды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда отбасылық сот құрудың маңыздылығы сараланды

30 Августа 2018 (09:17) | 2672 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында «Отбасылық соттардың сот жүйесіндегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Нұрсапа Примашев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, құқық қорғау органдары, адвокаттар, медиаторлар, облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты, отбасылық соттардың шетелдік тәжірибелері және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық нормативтік актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сараланып, отбасы және бала тәрбиесі мәселесімен айналысатын мекемелер мен ұйымдардың дауларды сотқа дейін реттеудегі тәртібі, медиатор мен адвокаттардың неке және отбасы заңнамасы саласында мамандануы туралы мәселелер кеңінен талқыланды.

 

Нұрсапа Примашев ҚР Жоғарғы Сотының бастамасына қолдау білдіре отырып, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының базасында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыруды ұсынды.

 

«Отбасылық сотта» ана мен баланың құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баланың тұрғылықты орнын анықтау секілді істер қаралады.

 

 

Ең бастысы, мұнда істердің басым бөлігін медиативтік рәсіммен, яғни дауласушы тараптарды бітістірумен аяқталу көзделеді. Ол өз кезегінде республика бойынша ажырасу дерегі ең көп тіркелген Маңғыстау облысында отбасын сақтап қалуға ықпал етеді деп күтілуде.

 

Аталған соттың пилоттық жобаны енгізу үшін техникалық және материалдық мүмкіндіктері, судьялардың дайындығы сараланды.

 

Жиын барысында Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Анар Толықбаеваотбасы және бала тәрбиесіне қатысты дауларды бітімгершілікпен шешу туралы кеңірек әрі нақты айтып өтті. Ол қоғамда дауласу деңгейін төмендету үшін отбасылық дауларды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеуде сотқа дейінгі органдардың маңызын айта келе, оларды белсенділік танытуға шақырды.

 

Аталған іс-шара қорытындысы бойынша «Отбасылық сот» пилоттық жобасын қыркүйек айынан бастап іске қосу және оған әр саладан жауапты өкілдерді бекіту туралы шешім қабылданды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему