Ақтауда «Aqtay bike» автоматтандырылған велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Aqtay bike» автоматтандырылған велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылды

28 Августа 2018 (09:38) | 2483 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Aqtaybike» жүйесінің ашылу салтанаты өтті.

 


Ақтау қаласы «Aqtaybike» автоматтандырылған велосипед жылжымалы жүйесі іске қосылған елдегі төртінші қала болды. Ақтау қаласында 76 тұрақ орны мен 38 велосипедке арналған 5 велосипед станциясы орнатылды. Велосипедтерді жалға алу үшін бірінші кезеңде 180 велосипедке арналған 25 велосипед станциясы орнатылады.


Келесі кезең - 820 велосипедке арналған 75 велосипед станцияны орнатылады. Жалпы Ақтау қаласында 100 велосипедті жалға беру стансасын салу жоспарда бар.

 

«Velocity.kz» қоғамдық қорының директоры Алмагүл Қасымованың мәлімдеуінше бұл жүйе «жасыл» экономикаға сәйкес күн энергиясы бойынша жұмыс істейді.

 

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына велоспортпен шұғылдануға қолайлы жағдайлар мен бос уақытын денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасы тиерліктей дем алуға мүмкіндіктер туғызады.

 

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қосымша велосипед станцияларының орналасқан жері туралы, станцияның астындағы учаскелерді жасау мәселелерін әзірлеуді және жол қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, қала бойынша велосипед жолдарын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Аталған әлеуметтік жоба «Velocity.kz» қоғамдық қорымен жүзеге асырылып отыр. Велосипедтерді пайдалану үшін әртүрлі топтарға арналған қол жетімді тарифтер қарастырылған, сонымен қатар зейнеткерлер мен студенттер үшін 50% жеңілдіктер бар.


Анықтама үшін.
Велосипедті жалға алу барысында алғашқы 30 минут тегін. Ары қарай бекітілген тарифтер бойынша бағамдау іске қосылады. Мәселен, 31 ден 60 минутқа дейін – 100 теңге, 61 ден 120 минутқа дейін 250 теңге, 121 ден 180 минутқа дейін 500 теңге, 181 ден ары қарай әр сағат (үш сағаттан бастап) 1000 теңгені құрайды. Бұл жүйе әлемнің 13 елінде, оның ішінде Қазақстанда да табысты жұмыс жасайды.



№1 станция - ботаникалық бақ
№2 станция - Теңіз жағажайы  (14 ш/а. I love Aktau)
3-ші станция – Теңіз жағажайы (15 ш/а. K7 тобы)
№4 станса - «Бәйтерек» сауда үйі
№5 станция - Достық үйі (34ш/а).


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему