Құтқарушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқосу өтті
Курс валют в Актау
на 24/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
24 Ноября, 15:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқосу өтті

24 Июня 2018 (14:57) | 1776 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Жуырда Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Есенәлі Жарылкасынұлы Исаның қатысуымен жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы дөңгелек үстел өткізілді», - деп хабарлайды біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Әдеп кодексі жөніндегі алғашқы сауалдарға Есенәлі Иса жауап берді. Есенәлі Жарылкасынұлы барлық мемлекеттік қызметшілердің сақтауға тиіс Әдеп кодексінің талаптарына аса көңіл бөлді, сондай-ақ өрт сөндіруші-құтқарушыларға әдеп жөніндегі уәкілеттілік қызметі жайында ақпаратты жеткізді.

 

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңындағы тағы бір мәселе бойынша кадр жұмыстары бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты Шаймерденов Нұрсұлтан сөз алды.

 

Ол өз сөзінде гарнизонның жеке құрамы арасында қызметте көп жылдан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар тіркелмегендігі туралы атап өтті.

 

 

Жиын соңында Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Анверович отырысты қорытындылап, дөңгелек үстел өткізілу барысында айтылған барлық мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему