Отбасы-бала тәрбиесінің қайнар көзі
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 19:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасы-бала тәрбиесінің қайнар көзі

22 Июня 2018 (20:33) | 3397 | Автор: Нурганым Имашева

Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

 

 

Бүгінгі күні қоғамды алаңдататын мәселелердің бірі-мемлекеттің іргетасы саналатын отбасының беріктігімен байланысты десек, қателеспейміз.Алайда, ерлі-зайыптылардың некелерінің бұзылуы қалыпты жағдайға айналып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбей жатқандығы да ешкімге құпия емес.

 

Осы орайда, «бұрынғы ата-бабамыз ерекше қастерлеген отбасылық құндылықтарды сақтау қағидасы ұмыт болып барады, неге төмендеп кетті?» деген сұрақтарға жауап іздеп, мәселенің астарына үңілсек, шаңырақтардың шайқалуына салқынын тигізіп жатқан  жағдайлар көп.

 

Әркімнің өз дәлелі, өз шындығы бар.Бірі тұрмыстық жағдайды алға тартса, енді біреулері мінездерінің сәйкес келмейтінін айтып ақталады.

 

Не десек те, ажырасудың аты-ажырасу.Одан қоғамға да, адамға да келіп жатқан еш пайда жоқ.Есесіне, зардабы шаш етектен.

 

Басқасын айтпағанда, екі ортада шырылдап, көздері жәудіреп бала қалады.Ажырасу баланың психологиясына салмақ салады, көңіліне қаяу түсіреді.

 

Әр бала мінезіне сай ата-анасының екі жаққа бөлінуін түрліше қабылдауы мүмкін.Кейбірі қасақана теріс жолға түсіп, қылмыс жасауға бейім тұрады.Күнделікті кикілжің мен ұрыс-керістен шаршаған балалардың өмірге деген қызығушылығы азаяды.

 

Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу міндеттері ортақ болып қалады.Өкінішке қарай, бұл жауапкершілікті бірігіп көтеретін азаматтардың қатары сиреп бара жатыр.

 

Сотқа неке бұзу жайлы талап арыз берген кезде, тараптар балаларының мүдделерін көбіне ойлай бермейді.Олардың қандай жағдайға душар болатынын, ата-аналарының ажырасуын қалай қабылдайтынын ескермейді.

 

 

Көп жағдайда, екі тарап тек өздерінің жеке бастарының араздығын, тұрмыстық жағдайдың қиыншылығын, уақытша жұмыссыздықты, сонымен қатар, ене мен келіннің арасындағы кикілжің әңгімені көлденең тартып, оны неке бұзудың басты себебі ретінде көрсетеді. Осылайша, бүгінгі таңдаелімізде ажырасу азаймай тұр.

 

«Жаста берген тәрбие-жас шыбықты игендей», деп Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ, ажырасудың артында бала тағдыры,оның болашағы мен тәрбиесі тұрғанын ата-аналарымыз естен шығарып алады.

 

 Жалпы, бала тәрбиесі-өте күрделі процесс. «Ұяда - не көрсең, ұшқанда - соны ілерсің» деген халқымыз. Ал, ұясында дұрыс тәрбие алмаған, ата-анасының жылуын теңдей сезіне алмаған баланың болашағы жарқын деп айту қиын.

 

М.Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деп тектен-тек айтпаса керек. Яғни, тәрбие ұядан, бесіктен басталады. Сондықтан, ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдамас бұрын, оның бауыр еттері балаларына қаншалықты кесірі тиетінін, тәрбиесіне кері әсер ететінін ойлаулары керек.

 

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

 

Гүлденіп ой өлкесі-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және сіз оларға үлгі боларлық бейне екеніңізді ұмытпағаныңыз абзал.

 

Өйткені, отбасы-бала тәрбиесінің қайнар көзі. Ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар – білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.

 

Абдраймова Гульназ Орынбайқызы

Ақтау  қаласының  №2 сотының

бас маманы   

 

СуреттерKazbilim.kz,  Yvision.kzсайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему