Ақтаудың алғашқы мектебі 50-ші түлектерін ұшырды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудың алғашқы мектебі 50-ші түлектерін ұшырды

26 Мая 2018 (09:15) | 2452 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін – 25 мамырда еліміздің түпкір-түкпірінде соңғы қоңырау мерекесі тойлануда. Жас түлектерін қияға қанат қақтырған білім ордаларының қатарында Ақтаудың алғашқы мектебі болып, өз шәкірттеріне есігін сонау 1968 жылы айқара ашқан білім ошағы - №3 жалпы білім беретін орта мектеп те бүгін атаулы мерекені тойлады.

 

 

Бүгінгі соңғы қоңырау бұл оқу ордасы үшін тарихи оқиға болды десек болады, себебі осы білім ошағы дәл бүгін өзінің 50-ші түлектерін ұшырды.

 

Мерекелік шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатарында осы білім ордасын осыдан тура 50 жыл бұрын тәмамдаған ардагер-түлектер де қатысты.

 

Салтанатты жиында әсем әндер шырқалып, жас түлектер өз алтын ұясына, аяулы ұстаздарына арнаған жүрекжарды лебіздері мен алғыстарын риясыз ақтарды.Ұстаздар қауымы мен ата-аналар, ардагер-түлектер тарапынан үлкен өмірге жолдама алып, қияға қанат қаққан жас буынға арналған ақжарма тілектер де аз болмады.

 

 

№3 орта мектептің ең алғашқы, 1967/1968 оқу жылының түлегі, 45 жыл «Жетібаймұнайгаз» мекемесінде мұнайшы болып қызмет еткен еңбек ардагері Қарамұрзиев Баязи Есенұлы:

-Мектеп бітіруші жас түлектерге білім сынағынан сүрінбей өтіп, өздері қалаған мамандықтарының иесі болуына, өмір сынақтарын да қайсарлықпен жеңе біліп, жігерлі болуға, еліміздің жарқын болашағын өз қолдарымен өркендеткен еңбекқор болуды тілеймін.

 

Қайда жүрсе де жас өркендердің жолдары ашық болсын. Алдарына қойған бар мақсаттары мен арман-тілектері орындалсын,- деген аталық ақ тілегін арнады

 

Жүректері лүпіл қаққан жас түлектер өздерін 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, саналарына өнегелі тәрбиенің дәнін еккен аяулы ұстаздары және алтын ұяларымен қимай қоштасты. Қоштасу әнін шырқаған бозбалалар мен бойжеткен арулардың жанарынан ұстаздары мен мектебіне деген қимастық сезімі, балғын балалық шақпен қоштасудың қиын екенін ұқтырған мұңлы көзқарас анық байқалды. Түлектердің 1 сыныптағы және 11 сыныпты аяқтар тұстағы салыстырмалы суреттерінен құрастырылған, мектептегі қимас сәттерінен түсірілген суреттерден топтастырылған сәтті видеомонтаж салтанатты жиынның мазмұнын аша түскендей әсер беріп тұрды.

 

 

Салтанатты жиында сонымен қатар, биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер мектепті тәмамдап жатқан аға-әпкелерін құттықтап, ақ жол тіледі. Кеш соңында ерекше күннің қимас сәттерін есте қалдыруға тырысқан ата-аналар, ұстаздар және түлектер жиылып, естелік суретке түсті.

 

Сөйтіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған Ақтаудың алғашқы мектебінде өткен мерекелік шара көңілді өтіп, барлық қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

 

Жиын аяқталған сәтте мектеп директоры Қарабаева Ақлима Кеманқызымен қысқаша сұхбаттасудың сәті түсті.

 

Білмі ошағының басшысы:

-Биылғы оқу жылында мектебімізде 934 оқушы білім алды. Оның 27-сі міне бүгін жас түлек атанып отыр. Бітірушілердің 24- і ҰБТ тапсырғалы отыр, 3-уі Ресей мемлекетінің ЖОО-на түскен. Мектеп бітірушілердің ішінде «Үздік аттестат» иегері, облыстық, қалалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері бар. Қала әкімінің жүлдесіне арналған оқу олимпиадасының І-ші орын иегері, облыс әкімінің оқугрантын жеңіп алған түлектеріміз де бар.

 

 

Биылғы түлектеріміз өте жақсы жетістіктерге жетті білім алуда. Солардың арасынан Жоланова Әсем есімді шәкіртіміз қалалық, облыстық жас ақындар сайысынан І орынды жеңіп алып, республикалық байқауда ынталандыру сыйлығының иесі атанды. Бүгінгі мерекелік кештегі ұстаздарға арналған арнау-өлең-жырлар сол оқушымыздың қаламынан туған. Тағы бір Ақеркем есімді оқушымыз - қалалық пән олимпиадаларының жүлдегері.

 

Беделова Әсел есімді оқушымыз - «Үздік аттестатқа» үміткер. Ол шәкіртіміз өте үздік оқыды, ол туралы ұстаздар тарапынан жақсы пікірлер естуге болады.

 

Мектебіміз қала мектептері арасында алғашқы ондықтың сапында тұр. Былтырғы жылы мектебіміз «Ең үздік жалпы білімберу ұйымы» деген сайыстан ІІ жүлделі орынды жеңіп алған болатын. Кеше ғана қалалық әкімдік тарапынан ұйымдастырылған спартакиадада оқушыларымыз, 25 мектептің арасынан ІІ орынды жеңіп алды.

 

 

Білім ордамыз жан-жақты, ата-аналар мен ұстаздарымыздың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде қазіргі таңда ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған балалар жоқ бізде, оқушыларымыз тәртіпті.

 

Мектебімізде 86 мұғалім еңбек етеді, қазіргі таңда олардың 11-і бала күтімі бойынша демалыста, қалғандары жұмыс істеп жатыр, ұстаздарымыз білім мазмұнын жаңарту бойынша қайта даярлық курстарынан өтті. Қазір 4 мұғаліміміз үштілділік бойынша мектепте химия, биология, физика, информатика пәндерінен сабақ беріп жатыр.

 

Бүгінгі түлектеріміз үшін мектепті бітіру – тарихи кезең, өйткені бүгін мектебіміздің бірінші түлектері мен 50-ші түлектері кездесіп, екі ұрпақ өкілдерінің алтын ұяларында басқосқан сәтінің міне куәсі болып отырсыздар,-деді.

 

Суреттерді және видеоны ұсынған №3 орта мектеп МКК

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему