Ақтаулық мұғалімдер Италияда тәжірибе алмасады
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 16:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық мұғалімдер Италияда тәжірибе алмасады

17 Мая 2018 (21:29) | 1857 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы мамырдың 12-сі күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Педагог тәжірибесіндегі зерттеушілік әрекет: сұрақтар мен шешу жолдары» тақырыбында өткен облыстық конференцияда белгілі болды. Іс-әрекетті зерттеу (Action Research) және  сабақты зерттеу (Lesson Study) шеңберінде екінші рет ұйымдастырылған конференцияға 100-ден аса мұғалім қатысып, іс-тәжірибе алмасты.

 

 

Конференцияның басты мақсаты – мұғалімдердің сабақты зерттеуіне қатысты пікір алмасу алаңын құру, өз тәжірибесінде зерттеу жүргізіп жүрген ұстаздарға ары қарай даму үшін жағдай жасау. Өзектілігі күн санап артып келе жатқан конференцияға былтыр 80 мұғалім қатысса, биыл 100-ден аса мұғалім қатысуға қызығушылық білдірді, - дейді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Бақытгүл Жақсылықова.

 

Өлке мұғалімдерінің басын қосқан жиында мектеп директоры Ермек Пайзов, іс әрекетті зерттеу тәжірибесі зияткерлік мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін шыңдауға оң ықпалын тигізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, сабақты зерттеумен айналысқан ұстаздар саны күн санап артып келеді.

 

 

2016 жылы мектебіміздегі математика пәні мұғалімі Дублиндегі «European Conference on Educational Research” дүниежүзілік  конференциясына қатысып, өз тәжірибесімен бөліссе, 2017 жылы бұл конференцияға Данияға барып, мектебімізден 3 мұғалім қатысып келді. Ал биыл, бұл жиынға қатысуға мектебімізден 18 зерттеу жұмысы жіберіліп, соның 7-еуі іріктеуден өтіп, шақырту алды, - деді Ермек Пайзов.

 

Оның сөзінше, шақырту алған мұғалімдер 2018 жылдың қыркүйегінде Италиядағы Бользано қаласына барып, дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жиналған педагогтармен тәжірибе алмасады, өз зерттеулерімен бөліседі.

 

Мектеп директоры мұндай конференцияға басқа да мектептерден мұғалімдердің қатыстыру мақсатында ұйымдастырылып жатқандығын ерекше айтып өтті.

 

 

Конференция «Оқу және оқыту», «Саралап оқыту және бағалау», «Мұғалімнің көшбасшылығы және зерттеушілік» секцияларынан тұрды. Облыстағы жалпы білім беру мектептерінен жиналған ұстаздар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар айтылды.

 

Айта кету керек, Ақтаудағы педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі тренерлері ұстаздар алдында өзекті тақырыпты қозғап, көп көмек берді.

 

- 2014 жылы деңгейлік курстан өткен болатынмын. Сол уақыттан бері сабақты зерттеу үрдісіне қатысып жүрмін. Сабақты және баланың іс-әрекетін зерттеу жақсы нәтиже береді деп айта аламын.

 

 

 

Өйткені, өзім сабақ беретін сыныптардағы балалардың деңгейін, олардың даму бағыттары анықталып, жақсы нәтиже көрсетті. Зерттеуімді әлі де жалғастырамын, себебі бұл – бала мен мұғалім еңбегінің көрінісі, - дейді Бейнеу гимназиясындағы химия-биология пәні мұғалімі Айгүл Қилыбаева.

 

«Конференцияның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, олардың зерттеу жұмыстары «Педагогикалық Шеберлік Орталығы» филиалы сайтындағы «Зерттеушілер» педагогикалық желілік қоғамдастығы блогында жарияланатын болады»,- деп хабарлайды біздің басылымға осы ақжолтай жаңалықты жолдағанАқтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

Суреттерді түсірген Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему