Тағамнан уланудан сақтанайық!
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тағамнан уланудан сақтанайық!

30 Апреля 2018 (13:06) | 7880 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайын жазғы маусымда тағамнан уланулар өте жиі тіркеледі. Міне алдымызда жаз айлары да жақындады. Жаз мезгілінің алғашқы айларында астан уланғандар қатарының артатыны белгілі. Өйткені бұл уақытта жеміс-жидектер мен көкөністердің біразы пісіп, барлық сауда орындарында сатыла бастайды. Ал тек жазда ғана қол жететін жеміс-жидектерді сағынған жұртшылық тез арада дәм татуға тырысары заңдылық. Тағамнан улуданудан сақтану үшін не білуіміз керек? Тағамнан улану дегеніміз не?

 

 

Тағамнан, яғни астан улану - тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру болып есептеледі.

 

Астан уланудың тойтарылмас себептері болуы мүмкін. Сондықтан азық-түліктерді сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет.

 

 

Аталған астан улану мәселесі әсіресе, жыл мезгілінің жылы уақыттарында маңызды болып саналады. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануынан үлкен қауіп бар. Себебі, шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы тағы басқа да факторлар бар. Сонымен қатар осы кезде біз көптеген уақытымызды далада өткіземіз және далада тамақтанамыз. Есік тұтқаларын, жалпы қоғамдық көліктердің тұтқаларын ұстаған кезде біздің қолымызға қаншама микробтар жұғатынын ойлап көріңізші. Кейде біз тамақ ішер және дайындар алдында қолымызды жууды ұмытып кетеміз.

 

Уланудың тағы бір себебептері – тағамды дұрыс температурада сақтамау, дұрыс жылытпау немесе бүлінген тағамның келесі тағамды ластауы болып жатады. Осылай тағамды дұрыс дайындамау және сақтамау тағамнан уланудың себебі болуы мүмкін.

 

 

Астан уланудың сипаттары жеңіл және ауыр жағдайда тағамды қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін немесе тура болуы мүмкін. Ондай жағдай 24 сағаттан 5 тәулікке дейін жалғасады.

 

Уланудың сипаттары:жүрек айну, құсу, бас ауру, іштің өтуі және асқазанның батып ауыруы. Тағамнан уланудың зияндарын бастан кешіргеннен гөрі оның алдын алған дұрыс. Азық-түлікті сатып алудан бастап оны қолдануға дейінгі алдын-алу шаралары тағамнан улануды біршама деңгейде болдырмауға көмектеседі. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да сатушы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, қателік жібермейтін адам болмайды. Сол себепті тағам ешкімнің бақылауынсыз-ақ ластануы мүмкін. Сондықтан азық-түлік өнімдерін сатып алған кезде төмендегі жағдайларға назар аударыңыздар бүлінген қаптамадағы азық-түліктер, соғылған көкөністер мен жемістер, жарылған жұмыртқалар тез арада бүлінеді. Сонымен қатар азық-түліктің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз. Азық-түліктің сапасына (дәміне, иісіне және сыртқы қалпына) назар аударыңыз.

 

Улануды болдырмаудың бірнеше қарапайым ғана жолдары бар: тамаққа дейін қолды жуу, тамақ дайындар алдында және тамақ ішкеннен соң қолды жуу, азық-түліктерді қажетті жағдайда сақтау, көкөністер мен жемістерді қолданар алдында міндетті түрде жуу. Сонымен қатар, егер сіз азық-түліктің сапасына күмәніңіз болса, оны қолданудан бас тартыңыз.

 

 

Сонымен қатар көп жағдайда құрамында нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша және көкөніс өнімдерінің салдарынан да жедел ішек кеселдері жиірек орын алады. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге толы. Олардың бір қатары оңтүстіктен әкелінсе, бір қатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар белгіленген нормадан артық болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін.

 

Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.

 

 

Сондай - ақ тағамнан уланудың алдын алу шаралары төмендегідей: 

- мектеп, бала-бақша асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтуі;

- тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуінің қадағалануы;

- тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитариялық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

- консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;

 - азық-түлік өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және сату жағдайлары бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау;

-  сүт өнімдерін рұқсатсыз сауда орындарындағы белгісіз тұлғалардан алмау;

-  шикі сүтті пайдаланар алдында міндетті түрде қайнату;

- үй жағдайында консервіленген салаттарды, саңырауқұлақтарды, көкөністерді сатып алмау;

- ас мәзірін құрастырарда аса тез бұзылатын тағамдарды, соның ішінде кремді-кондитерлік өнімдер мен құрамында бірнеше тағамдар бар, майонез қосылған күрделі салаттардың болмауын қарастыру;

- салқын тағамдар мен салаттарды тек 1,5 сағатқа ғана сақтау.

 

Ас – адамның арқауы. Өмір сүру үшін тамақ жейміз, ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ та тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қарап, сақтанған жағдайда ғана, көптеген аурулардан қашық боламыз. 

 

Салауатты өмір салтын сақтап жүрейік! Тағамнан уланудың алдын алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар! 

 

Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Ләззат Қанжанова

 

Суреттер kishechnik.com, ekaraganda.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему