Сот шығындары
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 00:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот шығындары

7 Февраля 2018 (12:11) | 8364 | Автор: Нурганым Имашева

Сот шығындары азаматтық істер бойыша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезіндегі сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі.

 

 

Мемлекеттік баж азаматтық істер бойынша заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасау және (немесе) құжаттарды беру үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.

 

Сотқа берілетін талап қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптарының әр қайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбек ақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтеу, қылмыстан келген материалдық зиянды өтеу тағы да басқа істер бойынша талапкерлер жатады.

 

 

Мемлекеттік баж заңды мәні бар іс – әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс.

 

 Талап қоюдың бағасы ҚР АІЖК-нің 104 бабына сәйкес анықталады және талапкермен көрсетіледі. Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап арыз қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады.

 

Талап арызда бағасының көрсетілмеуі талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына негіз болуы мүмкін. Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу, төлеу құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминдар, қашықтықтан байланысу және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төленген кезде қағазжеткізгіштерге немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен растауға тиіс.

 

 

Іс бойынша жүргізуге байланысты шығындарға:

1) Куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) Тиісті орында қарап, тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;

3) Заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;

4) Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;

5) Тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;

6)Тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй –жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстар;

7) Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

8) Сот өтелуге жатады деп танылған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.  

 

Салтанат Абишева

Ақтау қаласы №2 сотының бас маманы

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему