Аймақта травматолог дәрігерлер 7000-нан астам балаға көмек көрсеткен
24 Января 2018 (18:43) | 2230 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасындағы травматология-ортопедия бөлімінің қызметіне өткен жылы 7046 бала жүгінген, 2016 жылы бұл көрсеткіш 6637 болатын.
Аталмыш бөлімде 2017 жылы 484 балаға ота жасаса, 2016 жылы 468 және 2015 жылы 399 баланы ота жасап, өмірін сақтап қалған.
Бұл туралы травматология-ортопедия бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайранов айтып берді.
-Өткен жылы жасалған оталардың 386-сы шұғыл түрде жасалған болса, 98-і жоспарлы түрде жасалды.
Өкінішке орай, 2017 жылы 6 баланың өмірін сақтай алмай қалдық. Оның төртеуі отаға дейін, екеуі отадан кейін қайтыс болды.
Былтыр біздің көмегімізге жүгінген 7046 баланың 489-ы ауылдық жерден келген балалар болатын.
Жалпы, өткен жылы 900 бала стационарлық ем алса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 812 болатын,-деп мәлімдеді Құрман Қайранов.
20 жылдық еңбек өтілі бар, біліктілік санаты жоғары хирург осы күнге дейін 8000-ға жуық балаға ота жасап, қайта өмір сыйлаған.
Қ. Қайранов-«Нұр Отан» партиясының аурухана бойынша жауапты төрағасы, кәсіподақ комитетінің белсенді мүшесі.
Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хатымен, «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған.
Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему