Ел дамуының жарқын үлгісі
24 Января 2018 (18:38) | 2576 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау ауылындағы №1 орта мектепте Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Аталмыш білім ордасындағы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айна Ермекбаева оқушыларға «Рухани жаңғырудың» маңыздылығын түсіндіріп, жастарды еркін пікір алмасуға шақырды.
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Онда Мемлекет басшысы еліміз үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөлісті.
Бағдарламалық мақалада айтылған өзекті тақырыптарды біз бүгінгі кездесуде жан-жақты талқылап, рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі екенін жастардың санасына сіңіріп, олардың өзіндік пікірлерін тыңдадық.
Жастар арасында Динара Төлепберген, Гүлнұр Кенжебекова, Ләззат Тұрлан, Гүлім Әбіш пікірлерін айтып, ортақ ойларын ортаға салды,-дейді Айна Ермекбаева.
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему