Ақтау қаласында Православиялық шіркеудің «Құдайға шоқыну» мерекесін атап өтушілерге арналған мамандар кеңесі
20 Января 2018 (11:55) | 3066 | Автор: Нурганым Имашева
Ресей жерінде 988 жылы христиан дінін қабылдағаннан бастап ежелгі дәстүрді жалғастырып, осы күні көптеген шоқынушылар аязға қарамастан теңіз жағалауындағы ойыққа келіп түсу кең етек алған.
19 қаңтарда проваслав христиандарының басты мейрамдардың бірі болып табылатын - Құдайға шоқыну мейрамын атап өтеді. Бұл күні адамдар қасиетті суды алады және онымен үй іштерін тазалайды. Сондай-ақ халық дәстүрі бойынша діндар адамдар ойылған жерге суға түсіп, қасиетті Троицаға дұға жасайды.
Православиелік христиандар өздерінің басты мерекесі – «Құдайға шоқыну» рәсімі бойынша, дінге сенушілер ойықтағы арнайы дайындалған суға шомылады.
Мұздай суға ішімдік ішіп түсуге болмайды. Өйткені ішімдік жүрек жұмысына күш түсіріп, дененің суынуына алып келетінін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді.
Ойықтардағы суға шомылу кезінде төмендегі ережелерді қатаң сақтауға кеңес береді:
- Ойықтағы суға қысқа уақыт (30 секунд ) ішінде шомылып шығу керек. Судың түбіне дейін аяқ киіммен түсу керек, өйткені суық бірінші аяққа әсер етеді. Шомылу алдында шешінуді алдымен сыртқы киімнен бастап, бірер минуттан соң аяқ киімді шешіп, одан әрі шомылу киімге дейін шешіну керек. - Суға шомылу кезінде орын алатын басты қайғылы жағдай дененің мұздап қалуы, себебі ағза жылуды қалпына келтіре алмайды. Су ішінде денедегі жылуды сақтау үшін суға шомылу алдында денені майлы креммен сылау керек немесе 1 ас қасық балық майын ішу керек. Судан шыққан бетте денені орамалмен жақсылап сүртіп, киініп, ыстық шәй немесе кофе ішуді ұмытпау керек. - Шоқыну рәсімінде аязды күні суға шомылу тек денсаулығы қайратты адамдарға ғана пайдалы. Ал, өкпе, жүрек ауруларына шалдыққан адамдар мен қан қысымы жоғары адамдар (егер қан қысымы жоғары болса, суық суға түсу кезінде қан тамырлары қысылуы немесе микроинсультке әкеліп соғады.
Егер қан қысымы төмен болған жағдайда адам есінен танып құлау қаупі бар) үшін мұздай суға шомылу аса қауіпті.
Осы жағдайларды ескере отырып, тек арнайы дайындалған орындарда ғана суға шомылуға болады.
Тиым салынады: - балаларды қараусыз қалдыруға; - су айдыны үстіне үлкен топпен шығуға; - ішімдік ішуге; - мұз айдынына автокөлікпен шығуға. Мұз үстіндегі ұйымшылдық пен тәртіптілік - «Құдайға шоқыну» мерекесін қауіпсіз өткізудің басты кепілі.
Шоқыну суатында суға түсу– жай ғана ойын-сауық емес, ол дінге баурау болып табылады.
Сіздің мерекеңіз қуанышты, ал ең бастысы – қауіпсіз өтсін!
Ақтау қаласының ТЖ Басқармасының инженері
Гулбарам Ордабаева
Суреттерді түсірген Ақтау қаласының ТЖ Басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему