Мүгедектікті  қалай рəсімдеуге болады?
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 11:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мүгедектікті қалай рəсімдеуге болады?

15 Января 2018 (00:57) | 8239 | Автор: Нурганым Имашева

Бұдан бұрын Ақтау қаласында «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының бастамасымен «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» ашылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Аталмыш Орталық жұмысы «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен ұйымдастырылды.

 

 

«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалинаның мәлімдеуінше, «Өркениетті келешек» қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

 

Жоба аясында Қоғамдық қор Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттарға және ерекше балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған Орталық қызметін ұйымдастыруда.

 

«Өркениетті келешек» Қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина мүгедектікті рәсімдеудің және мүгедектік бойынша жәрдемақыны қалай алудың тәртібі туралы былай деп түсіндірді:

 

Нақты немесе кез-келген дәрежедегі мүгедектікті рəсімдеу  үшін қажет  құжаттар

1-қадам. Сырқаты бойынша жолдама беретін арнайы маманға немесе учаскелік  дәрігерге қаралуы  керек.

2-қадам. Аурухана дəрігері  науқастың сырқаты тарихының  үзіндісіне  ұсыныстар  жазады. 

3-қадам. Науқас алған сырқаты тарихының  үзіндісімен учаскелік  дəрігерге немесе арнайы маманға барады.

4-қадам. Жергілікті дəрігердің  немесе арнайы маманның берген бланкісімен тексерілуден өтеді. 

Назар аударыңыз: Егерде науқас өздігінен қозғала  алмаса, онда тексерілу  үйінде өтуі тиіс.

5-қадам. Мүгедектіктің дəрежесін анықтау үшін, науқас дəрігердің жолдамасы мен тексерілу нәтижесін алып, медициналық – əлеуметтік сараптамадан (МƏС) өтеді.

 

Назар аударыңыз: Егерде науқастың жағдайы ауыр болса, қозғалуға жағдайы болмаса, МƏС дəрігерлері үйге келуі керек. 

 

Мүгедектік бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?

- Жəрдемақыны тағайындау үшін арызымен бірге тиісті құжаттарды қоса  жалғаумен Еңбек және Əлеуметтік қорғау министрлігінің тұрғылықты жер бойынша облыстық департаменті немесе  қалалық басқармасына хабарласу керек.

 

- Арыз барлық қосымшаларымен бірге берілген күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде шешім қабылдануы тиіс.

 

-Жəрдемақыны тағайындау үшін өтініш жәрдемақылық құқықтардың пайда болуынан кейін кез-келген уақытта ешбір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады.

 

Мүгедектік бойынша жəрдемақы тағайындалады:

- Жұмыс жасау уақыты тоқтатылмаса  да, жəрдемақыға өтінішті бергеннен кейін, мүгедектік болған жағдайда жәрдемақы төленуі тиіс.

 

- Мүгедектік қашан басталғанына қарамастан - жұмыс немесе қызмет кезінде, жұмысқа кіргенге дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін.

 

-Жəрдемақыны тағайындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.

 

- Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жəрдемақы  төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.

 

- Егер азамат еңбекке жарамды деп танылса,  жəрдемақы еңбекке жарамдылық танылған күнге дейін төленеді.

 

- Заңмен мүгедектікті растау мақсатында, уәкілетті органның мүгедектікті қайта куəландыру рәсімін жүзеге асыру құқығы қарастырылған.

 

Мүгедектік жəрдемақы алу үшін келесі құжаттар тапсырылуы қажет:

- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

 

-  мекенжай анықтамасы

 

- зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы шотының нөмірі жөніндегі немесе түзеу мекемесінің арнайы шоты туралы мәліметтер.

 

- радиация əсеріне ұшыраған тұлғалардың сырқатына, мүгедектігіне байланысты Ведомствоаралық сараптамалық кеңес шешімінің көшірмесі.

 

- ауруханадан берілген сырқаты туралы куәліктің көшірмесі.

 

-немесе əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысы.

 

- 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куəлігі.

 

Суреттер  molnet.ru cайтынан алынды 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему