Маңғыстауда «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» бастау алды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» бастау алды

2 Ноября 2017 (10:21) | 2659 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін – 1 қарашада Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» өз көшін Жаңаөзен қаласынан бастады. Ақтау қаласынан келген шараға қатысушылар делегациясын Қызылсай кентінің «Шаңырақ» Мәдениет үйінде елді мекен басшылары қарсы алды.

 

 

Алыс-жақын елді мекендердің жастарын қамтыған аудитория ауқымды шараға зор қошеметпен қолдау білдірді. Жиын басында сөз алған Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов пен Жаңаөзен қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сәнім Танаева шараға қатысушыларды  «Жастар керуенінің» басталуымен құттықтады және осынау кең көлемді жиынның өткізілу себептері мен оның өңір жастары үшін маңызына тоқталып өтті.

 

Кездесу ашық алаң, еркін форматқа құрылды. Жастармен басқосуға «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Сармурзина Жәния, ІТ технологиясы саласының маманы Тимур Бектұр, «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен спорт шебері Шыңғыс Қайранов,  «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері  Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Жаңаөзен қаласы бойынша консультанты Гүлшат Әбдіреева  және «Дін істері орталығының» теологы Мырзахметов Хамидулла келді.

 

 

Әрбір спикер өз саласы бойынша жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар және мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рысбаев жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша аймақ жастарына арналған кәсіптік бағдар берудегі, мамандар дайындаудағы мол мүмкіндіктерді атап өтіп, бұл бағытта жұмыспен қамтылатын жастарға жасалатын жағдайлар (жатақхана, шәкіртақы) туралы баяндады.

 

Облыстық білім басқармасының өкілі Жәния Сармурзина аймақтың білім саласындағы биылғы оқу жылындағы өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталды.

 

 

«Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау жастарға арнаған сөзінде  ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының әрбір тарауына тоқталып, осы тұрғыдағы өлке тарихына қатысты атқарылар қыруар шараның  бар екені жайлы айтты және бүгінгі таңда бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан қызықты жобалар жайлы әңгімеледі.

 

Аталған спикерлерден соң сөз кезегі ұсынылған кезде өзге мамандар да жиынға қатысушылармен өз саласына қатысты толыққанды ақпаратпен бөлісті.

 

 

Шара аяқталған соң мәдениет үйінің фойесінде жастарға арналып спикерлер тарапынан толық кеңес беру мүмкіндігі ұсынылды.

 

 Түстен кейін «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» өз жұмысын Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы» мәдениет сарайында жалғастырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему