Үстел теннисінен үздіктер анықталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үстел теннисінен үздіктер анықталды

25 Октября 2017 (09:26) | 1695 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда Маңғыстау облысы әкімінің кубогы үшін үстел теннисінен турнир аяқталды. Шараның жабылу салтанатына аймақ басшысы Ералы Тоғжанов арнайы қатысып, финальдық ойынды тамашалады. Спорттық жарысқа барлығы 20 адам қатысқан болатын.

 

 

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрбір Жолдауында халық денсаулығының кепілі ретінде бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. «Тәні саудың – жаны сау». Бұқаралық спорт арқылы елдің рухы көтеріледі. Бүгінгі турниріміздің басты мақсаты да осы.

 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша үстел теннисі спортын насихаттау және одан әрі дамытудың бағдарламасы қабылданған. Мәселен, өңірде соңғы 2 жылдың ішінде бұл спортқа 15 қатысушыдан 150 қатысушыға дейін өскенін байқауға болады.

 

 Алдағы уақытта Маңғыстау облысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының атсалысуымен 25 үлкен алаң пайдалануға беріледі. Әрбір мекемеде қызметкерлері үшін спорпен шұғылдануға жағдай жасалуы керек. Өйткені, спорт-салауатты өмір. Ал, салауатты өмір сүрген халық ғана бәсекеге қабілетті бола алады,- деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 

 

Додаға ардагерлер, ҚР Қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың қызметшілері қатысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысында финальда 4:11 есебімен үздік өнер көрсеткен жаңөзендік Бақтыбек Жақсылықов бірінші орынды иеленді.

 

-Мен Тәжік-Ауған шекарасына қатысқан жауынгермін. Бүгін ардагерлер арасында өткен жарыста жеңімпаз атанғаным үшін өте қуаныштымын.

 

Финальға дейін 8 кездесу өткізіп, барлығын да айқын басымдылықпен жеңіп шықтым. Жұмыстан бос уақытымда спортпен шұғылданып, үстел теннисімен және жеңіл атлетикамен айналысамын,-дейді Бақтыбек Жақсылықов.

 

Екінші орыннан Махаббат Тұрғалиев көрінсе, үшінші орынға Ілияс Бердібаев тұрақтады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему