«Жас батыр» спорт мектебі балаларды дзюдо, самбо күресімен айналысуға шақырады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 10:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жас батыр» спорт мектебі балаларды дзюдо, самбо күресімен айналысуға шақырады

11 Сентября 2017 (15:32) | 1619 | Автор: Нурганым Имашева

Арманы асқақ талай жастың бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтып, дүбірлі додаларда топ жарып, жеңімпаз атануына қолдау көрсетіп жүрген облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болашақ «чемпиондарды» асыға күтеді.

 

 

Мұнда 8-11 жас аралығындағы спортқа икемі бар мектеп оқушылары бос уақытында спорттық дайындықтан өтіп, шынығып, дзюдо, самбо күресімен айналысып, білікті бапкерлерден тегін дәріс ала алады.

 

Аталмыш мектептен осы уақытқа дейін талай халықаралық жарыстарда топ жарған, ел намысын Азия, Әлем чемпионаттарында абыроймен қорғаған, Маңғыстаудың мақтаныштары Әмірбек Жеңісов, Сұңғат Жұбатхан,  Бауыржан Нарбаев, Бауыржан Сағынғалиұлы, Рамазан Мамаевтар тәлім алды.

 

Сіз де солардың қатарынан көрінгіңіз келсе, уақыт өткізбей 24 шағынаудандағы облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келіңіз. 

        

-8-11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар біздің спорт мектебіне келіп, сабақтан тыс уақытта спорттың дзюдо, самбо күресімен айналыса алады. Оқушылардың сабақтарына кедергі келтірмеу үшін спорт мектебіндегі секциялардың арнайы кестесін жасақтайтын боламыз.

Ұлдарды білікті бапкерлер Жомарт Қобыланов, Асхат Хапанов, Ерлан Серіков дайындайды.

Облыста қыздар арасында дзюдо мен самбо күресін дамыту үшін КСРО-ның спорт шебері, белгілі бапкер Мәншүк Баданованы арнайы шақырдық.

Сонымен қатар ҚР спорт шебері Балнұр Аппазова да қыздарды жарыстарға дайындап, қыздар арасында чемпиондарды шығаруға атсалысатын болады. Оқушылардың спорт секцияларына қатысуы тегін,-деп мәлімдеді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему