Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамы Өмірзақ елді мекенінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
4 Августа 2017 (18:30) | 3678 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымамандарының мәлімдеуінше, «Бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы аумағында 33 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде 15 өрт оқиғасы тұрғын секторда орын алған (2016 жылы- 27 өрт оқиғасы), салыстырмалы түрде 7 пайызға артып отыр. Өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Өрттен келген шығын 125 млн. 318 135 теңгені құраған».
-Жуырда Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамымен Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы тұрғындарына, тұрғын секторлардағы өртті, өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Басқарма қызметкерлерімен жалпы саны 92 тұрғынға нұсқама жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратылды.
Сол күні, қала аумағында, атап айтсақ 5 шағын аудан 32 үйде және 15 шағын аудан 9 үйде өрт болды. Өрттің шығу себебі, тағы да сол тұрғындардың отты абайсызда пайдалануынан болып отыр. Өрт салдарынан 3 адам жарақат алды.
Өртті талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі шығу себептері болып мыналар табылады – біріншіден, отты абайсызда қолдану; екіншіден, үй жағдайындағы тұрмыстық электр және газ қолдану құрылғыларын пайдаланғанда өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы; үшіншіден, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуы мен балалардың отпен ойнауынан,- дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженеріазаматтық қорғау аға лейтенанты Роза Тубекбаева.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамы:
«Тұрғындар арасында жүргізіліп отырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз!» - деп мәлімдейді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему