Атыс қаруын қолданып, қылмыс жасаған
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 08:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Атыс қаруын қолданып, қылмыс жасаған

4 Августа 2017 (15:58) | 3003 | Автор: Нурганым Имашева

Қарақия аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 4- бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 293 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен (бұзақылық), 192 бабының 2 бөлігінің 1, 3, 4 тармақтарымен (қарақшылық) 5 сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

 

 

Сотта анықталғандай, сотталушылар Д., Н., А., Г., және И. алдын-ала сөз байласып, өздерінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында жәбірленуші К-ның меншігіндегі «Кено» ойын-сауық орталығына қарақшылық шабуыл жасап, заңсыз сақтап, алып жүрген атыс қаруларымен аталған орталықта орнатылған плазмалық теледидарға 2 рет оқ атып, кассада болған барлығы 90000 теңге ақшаны жымқырып алып кеткен.

 

Нәтижесінде, сотталушылар жәбірленуші К-ға жалпы 290000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

 

Одан әрі, сотталушылар өзара алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, өз араларында бұрын орын алған келіспеушілікті сылтауратып, кек алу мақсатында Жетібай селосының тұрғыны Н.-ның үйіне барып, үйдің терезелеріне және есіктеріне бірнеше рет оқ атып, тас және темір құбырларын лақтырып, бүлдіріп, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен.

 

Нәтижесінде, сотталушылар жәбірленуші Н-ға жалпы құны 180000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

 

Сот үкімімен сотталушыларға қылмыстық жолмен табылған мүліктерін тәркілеумен 3 жыл 6 айдан 6 жыл 6 айға дейін әртүлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалып, жазаларын орташа және қатаң қауіпсіздіктегі түзеу мекемелерінде өтеу белгіленді.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему