Мәжіліс депутаттары Жаңаөзен мұнайшыларымен кездесті
10 Июля 2017 (21:06) | 1824 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Тарас Хитуов, Балайым Кесебаева, Серік Құсайынов мұнайшылар қаласы Жаңаөзенге іс-сапармен барды. Халық қалаулылары «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар Елбасының Жолдауы мен Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Балайым Кесебаева Мәжілістегі өзі мүшесі болып табылатын заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің жұмысы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Пробация туралы», «Прокуратура туралы» және сот сараптамалары, жол қозғалысы туралы заңдардың тиімділігін атап өтті.
«Өзенмұнайгаз» облыстағы ең ірі кенорны болып саналады. Оның құрамында 16 мұнай-газ өндіру басқармалары бар. Акционерлік қоғамның 17 бастауыш партия ұйымының мүшелері жаңа реформаларды жүзеге асыруға белсене қатысуда. Осы басқармаларда еңбек ететін 10 мыңға жуық жұмысшы Елбасының тапсырмаларын талқылауға белсене араласады. Мұнайшылар арасында рухани жаңғыруға қатысты мәдени-көпшілік шаралары да жиі ұйымдастырылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему