Сарға ауылына су құбыры тартылып жатыр
8 Июля 2017 (09:23) | 3198
|
Автор: Мира Ботабекова

Астана күнінде Бейнеу ауданының жұртшылығы тағы бір қуанышқа кенелді. Сарға ауылында су тазалау ғимараты мен ауылішілік су құбырының құрылысы басталды.
Мақсат - тұрғындарды тазартылған ауыз сумен қамтамасыз ету. Жоба Елбасы жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында іске асты.
Су құбырының ұзындығы - 27 шақырымды құрайды. Тазартылған суға арналған қойманың сыйымдылығы - 1000 текше метр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады. Осылайша ауыл халқы су тасу машақатынан түбегейлі құтылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



