Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы жастар арасында бейнероликтер байқауын өткізуді жалғастыруда
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 16:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы жастар арасында бейнероликтер байқауын өткізуді жалғастыруда

4 Июля 2017 (17:13) | 2555 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы «6 шілде - Астана күні» мерекесіне орай «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында жастар арасында бейнероликтер байқауын ЖАРИЯЛАЙДЫ!

 

 

«Ел жүрегі – Астана» байқауы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізіледі.  Байқауды Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады.

 

— Жастар арасында «6 шілде – Астана күні» мерекесін кеңінен насихаттау; — Астана «EXPO – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын жастарға түсіндіру; Жастарға- ел Тәуелсіздігінің идеялық мәні мен маңызын, Мемлекет басшысының еліміздің қалыптасуы мен Астананың егеменді, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің елордасы ретінде дамуындағы рөлін түсіндіру

 

Байқау 2017 жылдың 28 маусымы мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Қатысушылардың материалдары 2017 жылдың 5 шілдесі күні, сағат 17.00-ге дейін қабылданады.

 

Байқауға Маңғыстау облысының 16-29 жас аралығындағы кез-келген тұрғыны қатыса алады. Бейнеролик жеке немесе топтық түрде де қабылданады.

 

  1. Байқаудың тақырыбына сәйкес кез-келген қолжетімді түрде түсірілген бейнероликтер ұсынылады.
  2. 2. Бейнероликке қойылатын талаптар: — Форматы – еркін — Бейнероликке ең төменгі қойылатын талап – 480×360 форматына 4:3, 480×272 форматына 16:9 көлемінде болу керек. — Бейнероликтің уақытының ең жоғарғы ұзақтығы – 3-минуттан аспауы керек. — Бейнероликте қатысушының түсуі міндетті емес. — Қатысушының қалауына қарай – бейнероликті түсіру және монтаж жасау кезінде арнайы құралдар мен бағдарламалар қолданылады. — Бейнероликтер саны – шектеусіз. — Қатысушылар бейнероликтің жанрын (сұхбат,репортаж,бейнеклип және т.б) өздері анықтайды. Бейнероликте фотография қолдануға болады. — Байқауға қатысушылардың жұмысы келесідей талаптарға сәйкес болуы керек: жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, қатысушылардың іс-әрекеті және кейіпкерлер Қазақстан Республикасының заңына қарсы болмауы керек. — байқауға ұсынылатын жұмыстарда нақты емес ақпараттар қолдануға тыйым салынады. — басқа біреудің бейне-графикалық материалдарын, мәтіндерді, дизайн идеясын толық немесе бөлігін қолдануға болмайды.  3. Байқауға қатысуға өтінім Ережеге жалғанған үлгі бойынша беріледі.Өтінімге тіркеледі: а) Автордың аты-жөні,тегі,байланыс мәліметтері,байқауға жіберілетін жұмыстың жазбаша түрде қысқаша суреттеу, мазмұны және техникалық мінездеме; б) жұмыс AVI, FLV форматтағы CD/DVD дискіде (3 минуттан аспайтын) түрде немесе mangystau_resurs@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады. 4. Байқау комиссиясы байқаудың талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдаудан бас тарта алады. 5. Байқауға жіберілген жұмыстар,кері қайтарылмайды және резенцияланбайды. 6. Байқауға қатысушының қанша өтінім беретіні шектелмейді. 7. Байқауға қатысатын жұмыстар 2017 жылдың 28 маусымы мен 5 шілде аралығында кез- келген қолжетімді жеткізуші арқылы төмендегі мекен-жайда қабылданады:  Ақтау қаласы, 6 ш.а., Жастар үйі ғимараты, №5 кабинет, байланыс телефоны: 8 7292 60 01 26 немесе электронды түрде «Ел жүрегі – Астана» бейнероликтер байқауына» тақырыбында сілтеме жасап бейнероликті және өтінім мен қысқаша бейнероликтің мазмұнын сканерден өткізіп салып жіберу керек.

 

— Бейнеролик байқаудың тақырыбына сәйкес болуы керек; — Шығармашылық жаңашылдық; — Түпнұсқа болу керек, басқа бұрынғы жұмыстарды қайталамауы керек; — Бейнероликтің дауыстық қосымшасының , бейнеэффекттің болуы; — Жалпы сезімнің байыпты көрінуі, кәсібилік және техникалық шығармашылық шешім, қолданылған әдістер мен технологиялардың аудиторияға ықпал етудегі тиімділігі.

 

Жұмыстың авторлық құқығының сақталуына байқауға қатысушы (топ немесе жеке адам) жұмысын байқауға жіберген жауапты болады. Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор (қатысушылар ұжымы) ұйымдастырушыларға жіберілген материалдарды қолдануға (интернет желісіне орналастыруға,шығармашылық жобалар байқауына қатысуға және т.б) автоматты түрде құқық береді. Байқауға қатысушылар өз жеке мәліметтерін жөндеуге келісім береді: байқауға қатысушыны хабарлаған фамилиясы, аты, тегі, туған жері мен жылы, пошталық адресі, абоненттік номері, электрондық пошта және сайттағы адресі, кәсібі және т.б жеке мәліметтері. Жіберілген бейнероликтер кері қайтарылмайды.

 

Ең үздік бейнеролик жеңімпаз деп танылады. Байқау аяқталғаннан кейін комиссия қорытындысын шығарады. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Электрондық пошта: mangystau_resurs@mail.ru

Жоба үйлестірушісі: Жолай Естай, тел: 8778 965 37 08, 8 7292 60 33 12

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему