Маңғыстауда «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 23:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды

3 Июля 2017 (18:31) | 3630 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Туған жер» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысында «Үлгілі ауыл» байқауы жарияланды. Арнайы құрылған комиссия қажетті нысандармен қамтылған, талапқа сай абаттандырылып, жасыл-желекке оранған ажарлы ауылды анықтайды. Байқауда ауыл азаматтарының туған жерін дамытуға қосқан үлесі де ескеріледі. Бірінші орын алған елді мекенге 10 млн теңге жүлде берілмек. Ал, екінші орынға 7,5 млн теңге, үшінші орынға 5 млн жүлде қарастырылған. 2 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы да бар. Бұл қаржы жеңіске жеткен ауылдарды абаттандыру ісіне жұмсалады.

 

 

«Үлгілі ауыл» атануға үміттілердің бірі – шалғайда жатқан Шайыр ауылы. Бұл - шөлейтті Маңғыстау өңіріндегі табиғаты тамаша жерлердің бірі, мұнда қысы-жазы бұлақ суы ағып жатады. Ауыл халқы бақша өсіріп, төрт түлікті көбейтіп отыр. Әр шаңырақта қазан қайнап, дастарханы жайнап тұр.

 

 

Санақбай Тілегенов, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы:

-Ауылымыздың қазіргі жағдайы өте жақсы деп есептеймін. Ауылда газымыз бар, суымыз әр үйге барып тұр, жарық та келіп тұр. Енді біздің бір ғана арманымыз бар. Мына Шайырдың үстіменен өтетін Жыңғылдыдан Шерқала арасындағы асфальт жолды жасаса, жол салып берсе дейміз. Осы орындалса Шайырда ешқандай арман болмайды.

 

 

Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы, әлемге әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовтар туылған Шайыр ауылынан түлеп ұшқан іскер азаматтар көп. Олар туған жердің дамуына барынша үлес қосып келеді. Бірі ауылды абаттандыруға атсалысса, тағы бірі ардагерлер үйін, енді бір азамат спорт кешенін салып берген.

 

 

Аймаққа белгілі кәсіпкер Самат Мұсабаевтың тікелей қаржылай қолдауымен салынған спорт кешенінде бүгінде күрес пен бокс үйірмелері жұмыс жасайды. Балалар далада бос жүрмей, кәсіби спортпен шұғылданады.

 

 

Ернар Нәдірбай, оқушы:

-Спорт кешені ашылғалы бері күреспен айналысып келемін. Алған жетістіктерім өте көп. Ақтауда облыстық жарыстардан 1,2 орындар және Ресейдің Рязань облысында болған халықаралық жарыстан 1-ші орынды иелендім. Елдос Сметов сияқты мен чемпион болғым келеді, Қазақстанның көк туын көкке желбіретемін деген арманым бар.

 

 

2 мыңдай халқы бар ауылда минералды су шығаратын ірі кәсіпорын іске қосылған. «Шайыр суы» зауытының өнімдері мұнай компаниялары мен облыс аумағына сатылуда. Ауылда сондай-ақ шағын кәсіпкерліктің өрісі кеңейген. Дүкен, шаштараз, наубайхана жұмыс істеп тұр.

 

 

Бердібек Нұрғожаев, Шайыр ауылдық округінің әкімі:

-Үлкен азаматтардың игілікті істерін қазіргі уақытта жастар жалғастырып жатыр. Көптеген мерекелік шараларға ауызбіршілікпен бірігіп жиналып, қаражатын жинап, атсалысады. Сосын өздерінің ауылына деген тартулары жасап тұрады. Мысалы айта кетсек, бітіруші түлектердің 30 жылдық, 20 жылдық түлектердің көбі ауылымызға түрлі мүсіндер қойып, мектеп айналасын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына көмегін тигізіп жатыр.

 

 

Маңғыстау өңіріндегі Мұнайлы, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу және Түпқараған аудандарында 54 елді мекен бар. Байқауға барлығы қатыстырылады. Аймақта жарияланған «Үлгілі ауыл» байқауында тұрғындардың ауылды дамытуға қосқан үлесі де ескеріледі. Байқау екі кезең бойынша өтеді. Алдымен аудандағы ауылдар өзара мықтыны анықтайды. Ауданнан үздік шыққан ауылдар облыс көлемінде тағы сараланады.

 

 

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаевтың айтуынша, байқауда облыстық әкімдікке қарасты экология, ауылшаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу сияқты бірнеше басқарманың өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестік өкілдері қазылық етіп, жан-жақты дамыған үздік ауылды анықтайтын болады.

 

 

Жүлде қоры 30 млн теңге. Бірінші орын алған елді мекенге 10 млн теңге жүлде берілмек. Ал, екінші орынға 7,5 млн теңге, үшінші орынға 5 млн жүлде қарастырылған. 2 млн теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы да бар. Бұл қаржы ауылды абаттандыру ісіне жұмсалмақ. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему