Call-орталыққа түскен қоңырау саны өсті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 03:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Call-орталыққа түскен қоңырау саны өсті

26 Июня 2017 (18:15) | 2112 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Жыл басынан бері облыстық денсаулық сақтау басқармасының аймақтық Call-орталығы 27 047 қоңырау қабылдаған. Бұл жайында Call-орталықтың басшысы Жасмин Сақтағанова мәлімдеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, орталық 2016 жылдың осы кезеңінде 17 000 қоңырауға жауап берген.

 

 

-Біздің орталық екі бағытта жұмыс істейді. Бірі-ақпараттық анықтама және екіншісі тұрғындардың шағымын қабылдау. Өткен жылдың бес айында ақпараттық анықтамаға 16 944 адам хабарласса, биылғы жылы 26 700 қонырау қабылданды. Тұрғындардан түсетін арыз-шағым 711-ден 347-ге азайды.

 

 

. Тұрғындар анықтама алуға қызығушылық көп танытатын болды. Оған дәлел анықтама алуға хабарласқан қоңыраулар 96%-дан 98,7%-ға өскен. Арыз-шағымдардың басым көпшілігі емханалардың қызметіне, тіркеу бөліміне қатысты болып келеді. Медицина қызметкерлерінің этикасына да қатысты шағымдар болып тұрады.

 

 

Егер де айтылған ақпарат дәлелденсе, медицина қызметкерлері жазаланады. Мәселен, биылғы жылы медицина орталығында қызмет жасайтын күзетшінің үстінен «дөрекі сөздер айтты, сауалдарымызға дұрыс жауап бермеді» деген шағым түсті, оның дерегі дәлелденді. Күзетші жұмысынан қуылды, - дейді Жасмин Сақтағанова.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының аймақтық Call-орталығының операторлары тәулік бойы жұмыс істейді. Орталықтың аудандық қызметі сағат таңғы 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қонырауларды қабылдайды, 17:00-ден кейін қоңыраулар аймақтық Call-орталыққа бағытталады. Call-орталықтың байланыс телефоны: 30-30-60 и 8 775 877 62 59.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему