Маңғыстаулық оқушылар ″Айбын дауысы″ байқауында жүлдегер атанды
18 Июня 2017 (11:42) | 1964 | Автор: Мира Ботабекова
Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығы полигонында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналды.
Биыл аталмыш әскери-патриоттық жиын алғаш рет Халықаралық деңгейде, Ресей Федерациясынан келген команданың қатысуымен өткізілді. Сондай-ақ, жиын бақылаушысы ретінде Өзбекстаннан арнайы қонақтар шақыртылды.
Жиынға бас-аяғы 600-дей адам қатысты. Ауқымды жастар шарасы аясында "Айбын дауысы" байқауы ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық облыстарынан командалар қатысты. Маңғыстау өңірінің намысын Түпқараған ауданы Горкий атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қорғаған болатын.
Байқау нәтижесінде үздік көрсеткішке ие болған Горкий атындағы мектеп-лицейінің 20 оқушысы командалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар жүздеген жастың арасынан үздік үштікке ілінудің зор жетістік екенін айтады.
Жыл сайынғы әскери-патриоттық жастар жиынын өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему