Қоғамдық орынды ластаған
12 Июня 2017 (18:50) | 1518
|
Автор: Мира Ботабекова

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен Ә-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Ә. Сайөтес селосының орталық көшесінде «Сарыағаш» сусынының бос бөтелкесін жерге лақтырып, яғни ортақ пайдалану орындарын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер жасаған.
Сот қаулысымен Ә. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыпұл салу жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Қайнар: Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



