Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 16:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы түсіндірілді

6 Июня 2017 (19:03) | 1762 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық сотында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» кездесу өтті.

 

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова, кеңсе қызметкерлері, №1 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері қатысты.

 

Кездесу жұмысын аша отырып, М.Епенова мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген ағымдағы жылғы шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге назар аударылған Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында талқыланатын тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

 

Іс-шарада сөз алған №1 Ақтау қалалық емханасының директоры Орынша Жұмалиева бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық көмектің ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында пациенттердің өздері таңдаған дәрігер көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты) жалақы алатындығын, МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана емес, республиканың кез келген аумағында көрсетілетіндігін атап өтті. Сақтандыру медицинасының біртіндеп дамуы медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасының өзектілігін жоятындығын жеткізді.

 

Іс-шара соңында М.Епенова О.Жұмалиеваға кездесуге қатысып, сот қызметкерлерінің сауалдарына жауап бергендігі үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему