Жергілікті полицияға жаңа басшы тағайындалды
20 Мая 2017 (10:21) | 3417 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметіне жаңа басшы тағайындалды. Облыстық мәслихаттың 9-сессиясы барысында өңір әкімі Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрінің ұсынымын ескере отырып, бұл лауазымға Ұлықбек Мылтықовтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Депутаттар жаңа басшының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ұлықбек Мылтықов ішкі істер органдарында 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Бұған дейін Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары болды. Ал, Амангелді Халмұрадов басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему