Азаматтардан банк пен коммуналдық төлемдер үшін қарыздарын өндіру мәселелері талқыланды
16 Мая 2017 (14:21) | 1761 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық сотында «Төленбеген коммуналдық төлемдер мен банктік борыштарды өндіру жөніндегі дауларды сотқа дейінгі және медиация тәртібімен шешу мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шараға азаматтық істер жөніндегіапелляциялық соталқасының төраға м.а. Ғабит Бастаубаевпен барлық судьялар, екінші деңгейлі банк пен басқа да мекемелердің заңгерлері, сондай-ақ медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел басында қатысушылар банктік борыштарды өндіру туралы істердіқарау барысында сот тәжірибесіндетуындайтын мәселелерді ортаға салды.
Осы жөнінде баяндама жасаған Ақтау қаласының №2 сотыныңсудьясы Едіге Бегенов бүгінгі күні азаматтардың екінші деңгейлі банктердің алдында берешектері өте көп екенін тілге тиек етті. Нәтижесінде осы салада қаралатын даулар да азаймай тұр. Баяндамашы банк өкілдері мен басқа да қатысушыларға «Дауды сотқа дейінгі реттеу» туралы пилоттық жобасы аясында мұндай істердің барлығы ендігі жерде міндетті түрде алдымен медиаторлардың көмегімен қаралатынын түсіндірді.
Облысқа танымал кәсіби медиатор, яғни Маңғыстау облысы кәсібимедиаторлар орталығының басшысы Әдемі Кемаладинова соңғы жылдары азаматтардың медиация институтына жүгінуі артып отырғанын, алайда әлі де қаншама істерді сотқа жеткізбей шешуге болатынын айта келе, бұл бағытта медиаторлармен атқарылып отырған жұмыстарымен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар бір-бірімен еркін пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему