Құтқарушылар су басудан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек қолын созды
3 Мая 2017 (17:54) | 1976 | Автор: Нурганым Имашева
Еліміздің кейбір аймақтарында топан су басу салдарынан көптеген тұрғын үйлер, әлеуметтік ғимараттар және имараттар су астында қалды. Көптеген адамдарға өз баспаналарын уақытша қалдыруға тура келді.
Бұндай қиын жағдайда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сырттай қарап қалмады.
Құтқарушылар азық –түлік түрінде гуманитарлық көмекті су басудан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған орталықтың (пункт) облыстағы «Жас Отан» штабына жөнелтті.
-Зардап шегіп, қиналғандарға Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барлық кезде жан-жақты көмек көрсетуге дайын, - деді Маңғыстау облысы ТЖД БКДҚ басқармасының бастығы Б. Тлеубергенов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему