Металлургия және химикаттар өндірісінде еңбек ететін мамандар оқытылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Металлургия және химикаттар өндірісінде еңбек ететін мамандар оқытылды

2 Мая 2017 (19:50) | 1719 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда өткен аптада «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында мамандарды дайындау және біліктілігін арттыру» тақырыбында үш күнге жалғасқан аймақтық семинар аяқталды.

 

Шараны ұйымдастырушылар: ҚР инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалы.

Аталмыш шара қара металлургия және өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі салаларында еңбек ететін мамандарға арналды. Айта кету керек, егер өткен жылы семинарға қатысушылар саны 61 адамды құраса, биылғы қатысушылар саны 93 адамға жеткен. Әсіресе биыл «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ, «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, «НИПИмұнайгаз» АҚ, «Өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ, «Buzachi Operating Ltd» филиалы, «Saybolt inspection services Kazakhstan», «Caspi Bitum», «Caspian Inspection Company», «Techno Trading ltd», «Caspian Engineering & Research», СП «Delfin Electric Motors», «Caspian Global», «KazCert International», «Қазақ ГазӨңдеуЗауыты», «Қаз Азот», «Каскор-Көліксервис», «Мұнайгазқұрылыс» және т.б. кәсіпорындардың қызметкерлері оқыту семинарына белсенді қатысты.

Білімін жетілдіруге ниет білдіргендер арасында қатардағы қызметкерлер мен өндірістік кәсіпорын басшылары болды. Семинардың маңыздылығын ескерген ұйымдастырушылар, дәріс оқу үшін еліміздегі ең ірі ұйым өкілдерін шақыртқан. Атап айтқанда, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты», «Қазақстан метрология институты» РМК, «Dosai Group» ЖШС, ҚР «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК және менеджмент жүйесі бойынша сарапшы-аудиторлар.

Оқыту семинарына қатысушының бірі Жұпар Насухаева, ол «Delfin Electric Motors» бірлескен кәсіпорны ЖШС экономист болып қызмет атқарады. Шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізген ол, оқыту семинары дәстүрлі түрде әлі де жалғасын табады деген сенім білдірді.

«Еуразиялық экономикалық одақты құру және оның аясында ауқымды шараларды жүзеге асырудың негізгі басым бағыттары болып, білім және мәдениет салалары екендігі белгілі. Біз барлығымызда мұны жақсы түсінеміз. Алдымен осы мәселелерге көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе - білім саласы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша сауда интеграциясының нығаюына әкелетіні айқын және барлық тауар түрлері өндірісінің көлемін ұлғайтады. Осылайша халықтың әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, ұлттық бизнесті жаңа деңгейге көтертіні сөзсіз. Ол үшін осындай семинарларға қатысу арқылы, білімімізді жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет», - деп атап өтті ол.

Үш күнге жалғасқан семинар барысында қатысушылар білімдерін жетілдірді және техникалық реттеу, дүниежүзілік сауда ұйымы, стандарттау, аккредиттеу және метрология саласында өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды. Әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ жүйесінде техникалық реттеу мәселесі, дүниежүзілік сауда ұйымы аясында сауда-саттық кезінде техникалық кедергілер төңірегіндегі келісімдер, сонымен қатар жалпы стандарттау саласы және стандартты енгізген соң экономикалық тұрғыдан тиімділігі сияқты тақырыптар сөз болды.

Оқыту саминары аяқталысымен 93 қатысушыға сертификаттар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему