Маңғыстаулық гимнасшылар Украинадан жеңіспен оралды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық гимнасшылар Украинадан жеңіспен оралды

30 Апреля 2017 (09:52) | 1603 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Украинаның «Kinder mix» халықаралық турнирінде маңғыстаулық гимнасшылар топ жарды. Атап айтқанда, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің гимнасшылары 2007 жылғылар арасында Жансая Жаңбуршиева мен 2009 жылғылар арасында Саржан Эркебаева жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 2007 жылғылар арасында Дана Кемелбекова күміс медальдің иесі атанды.

Облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көркем гимнастикадан жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Бибігүл Ерназарова:

-Көркем гимнастикадан халықаралық жарыс биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс 22-23 сәуір аралығында Украинаның Харьков облысының Лозовая қаласындағы «Юность» спорт сарайында өтті. Жарыстың құрметті қонағы болып, Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Наталья Годунко шақырылды.

Жарысқа 2001-2013 жылы туылған Қазақстан, Украина, Молдова мемлекеттерінен келген командалар қатысты. Мен жарысқа 4 шәкіртімді алып барған едім, оның 3-еуі жүлделі орыннан көрінді. Айта кету керек, жыл басында біз гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның бес дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының қатысушысы, астаналық Анна Алябьеваны өңірге арнайы шақырып, гимнасшыларға арналған екі апталық шеберлік сабағын ұйымдастырдық.

Қаңтар айында гимнасшы қыздарымыз алғаш рет Мәскеуде өткен халықаралық турнирге қатысып, тәжірибие жинақтап, жаңа бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдады. Енді тамыз айында облыс орталығында «Шағала» атты халықаралық турнир ұйымдастырмақшымыз.

Айта кету керек бүгінде аймақта 1200 қыз бала көркем гимнастикамен айналысады. Оларды білікті алты бапкер жаттықтырады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему