Қос қолынан айырылған Балғынбекке протез жасатуға болады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос қолынан айырылған Балғынбекке протез жасатуға болады

14 Апреля 2017 (15:08) | 2458 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бейнеу ауданында осыдан екі жыл бұрын тоққа түсіп, екі қолынан айырылған 11 жасар баланың оқиғасы көпшілікті елең еткізді. Балғынбек Бахтияр туралы хабар «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан берілген болатын.

Бұл оқиға 2015 жылдың 24 наурызында болған. Бір топ балалар ауылдағы трансформатрдың айналасында ойнап жүрген. Трансформатрдың қоршауы тым аласа орналасқандықтан, ойын балалары еш алаңсыз қауіпті аймаққа кіріп кетеді.

Кенет токқа түскен Балғынбек қатты шыңғырып жібереді. Балалар оның екі жағынан сүйреп алып келген. Кейін қатты тырысып, жарамсыз болып қалған Балғынбектің қолын дәрігерлер кесіп тастайды. Өйткені, Ақтауға арнайы шақырылған астаналық дәрігерлер баланың қолын кеспесе болмайтынын айтады.

Осылайша, Балғынбек екі қолынан айырылды. Балғынбекке ота жасап, қолын кесер кезде оның анасы қасында болмаған. Себебі, балалары тым кішкентай болғандықтан, ол облыс орталығына бара алмапты.

Бүгінде Балғынбектің ата-анасы оның қазіргі жағдайына бой үйрете бастады. Бірақ өсіп келе жатқан ер бала бәрінен бұрын дәретке шыққанда ауырсынады. Ата-анасы үйде жоқта қарындастарының дәретке апарғаны Балғынбектің жанына қатты батады.

11 жасар Балғынбектің атын атасы айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің құрметіне қойған. Бүгінде ата-анасы ұлының қолына протез салуға көмектесетін қайырымды жандардан ерекше үміт күтіп отыр.

Қос қолынан айырылған балаға саусақтары иілгіш икемді протез жасатуға болады екен. Балғынбек Бахтиярды қараған Литвадан келген балалар ортопеді көңілге үміт ұялатты. БірақпрофессорСанюкасКестутис «жасандықолтапсырысарқылыдайындаладыжәнеқаттықымбаттұрады»,-дейді. Ондай технология Германия мен Швецарияда бар. Құны ең аз дегенде 150 мың еуро. Әлгіндей мәселе бойынша денсаулық министрлігі жанындағы жұмыс тобы айналысады. Сондай-ақ балаға қолдау көрсетуге қайырымды жандар да дайын.

Санюкас Кестутис - балалар ортопеді, профессор /Литва/:

-Бұлшық еттің жүйкеталшықтарына жалғанатын биопротездер бар. Соның әсерінен тек косметикалық емес  шынтақты да, саусақтарды да қозғалтуға болады. Яғни кәдімгі қолдың жұмысын атқарады. Бұл процесс ми арқылы басқарылады. Бірақ оны алуға қарапайым адамдардың жағдайлары жете бермейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему