Үш тұғырлы тіл – заман талабы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үш тұғырлы тіл – заман талабы

27 Марта 2017 (17:04) | 7214 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, соның ішінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге көп көңіл бөліп келеді.

2007 жылы мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Үш тұғырлы тіл» жобасын халыққа ұсынған болатын. Яғни, бүгінгідей жаһандану кезде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тұғырлы тілді білуді жүктеп отыр. Әсіресе,  келешек ұрпақ жастары әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде.

Өскелең  ұрпақтың білім ордаларында осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Шет тілін білу біздің жас ұрпақтарымызға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол-әрине,  заманның өз ағымы. ХХI  ғасыр – ол жаңа технологияның шарықтаған кезеңі. Ол сөз жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр.

         Технологияның дамыған кезінде шет тілі дүние жүзі халыхтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар  арқылы  ену үстінде.  Мемлекеттік тіл-мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі- ұлы байлық. Шетел тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал, қазақ тілі барлық Қазақстандықты біріктіріп, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді – деді елбасы өз жолдауында. Шетел тілін оқып-үйренемін деушілердің саны күннен-күнге өсуде. Осы орайда, шетел тілі

Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат пен азаматша мемлекеттік тілді білу парыз болып табылады. Тілге деген құрмет, елге деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек. Халық тәуелсіздігінің ең бастысы- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті болып табылады. Тіл - қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи  құндылық  болып табылады.

Үштілділік – ол нақты тұлға ұжым мен халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді  алма-кезек қолдану құбылысы болып табылады.

 

Біз үштілділікті  тәуелсіз еліміз үшін ерекше мәні бар құбылыс деп бағалаймыз. Себебі ол жас ұрпақтың білімінің кеңістігіне ойын  емін-еркін жеткізуі арқылы болашаққа  самғауына жол ашатыны сөззсіз.

Көп тұғырлы білім беру саласы қазіргі кезде Ресей, Ақш секілді көптеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерде кеңінен етек алса керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті.  Ағылшын тілінде әлемге әйгілі  В. Шекспир,  Д.Лондон т.б. сөйлеген. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап шетел тілі кеңінен кең тарала бастады және көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Шетел тілін оқытудағы мақсат қоғамның әр тұстарына қарай өзгеріп отырады.   Бұрынғы кезде шетел тілінен білім беруге аса көңіл бөлінбесе, қазіргі таңда алған білімін өмірде тәжірибе арқылы жүзеге асыруда.

Үш тілде сөйлеу қазіргі заманның талабы деп білемін. Себебі; өз басым оны қолдаймын. Яғни, үш тілде еркін сөйлеу біліктілікті арттырып қана қоймай, оны дамыту арқылы іс жүзінде іске асыру жүзеге асады. Үш тілде еркін сөйлеу жаңа заман технологиясын пайдалану,  соның ішінде заманауи интерактивтік және иновациялық технологияны қолдану, үш тілде білім алу, сол  алған білімі арқылы сөйлеуге дағдылану және сөздік қорын жаңа ұғымдармен  қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығын ояту болып табылады.

Әлемде дамыған елу елдің қатарына кіру үшін және бірнеше шет тілін  білу, уйрену сондай-ақ компьютерді жетік меңгеру ХХI  ғасыр  жастарының қолында деп ойлаймын. Сондықтан тілдерді үйрететін ұстаздарға қойылатын талап та күшеюде.  Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, тарихын білуге болады.

Қазіргі уақытта шетел тілін білу жас ұрпақтың жаңа бір ақпарат алуына үлкен бір мүмкіндік  береді деген пікірмен де келісуге болады. Себебі; « Үш тұғырлы тіл» - ол болашақтың кепілі. Уақыт талабы деп білуге болады.  Болашақ жастар осы бір істің жанашыры емес, оны  орындап  іске асыруы тиіс.

Қорыта айтатын болсам:  ертеңгі күннің болашағы бүгінгі күннен де  неғұрлым жарқын болуына  ықпал етіп,  біліктінің емес, білімдінің күшінің арқасы екендігін естен шығармағанымыз абзал деп ойлаймын.

 

                                      ІІД  Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему