Сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

15 Марта 2017 (10:55) | 2628 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотында «Сот актілерінің орындалуы және айыппұл түріндегі жазалардың орындалу мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

 

Бұл туралы біздің басылым редакциясына Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.    

 

Іс-шараға облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Маңғыстау облыстық прокуратура және Маңғыстау облыстық әділет Департаментінің қызметкерлері, сот орындаушылар,  ҰЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” заң талаптарының сақталуы, сот актілерінің толық әрі уақытылы орындалуы, сот актілерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелер талқыланды.

 

Е.Қарабаев шараны ашып, сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

 

Жиын барысында сөз алған Ақтау қалалық сотының судьясы Г.Әділсұлтани заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті әрі Қазақстан Республикасы аумағында қатаң орындалуы тиіс екендігіне тоқталды.

 

Сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Ал заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты, бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы жүзеге аспайтындығын айтып өтті.

 

Сондай-ақ, ол сот шешімдерінің толық әрі уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді.

 

Басқосу соңында сот шешімдерін орындау жүйесіндегі мәселелерді одан әрі шешу мақсатында ұсыныстар қабылданды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему