Шекарадағы темір торды бұзған
4 Марта 2017 (23:33) | 1321 | Автор: Мира Ботабекова
Бейнеу аудандық сотында ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматшасы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К. 13.10.2016 жылы сағат 06.00 шамасында, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының шекаралары арасындағы темір торды бұзып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына кірген.
Сот үкімімен К. аталған баппен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 060 500 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.
«Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөліміне сай, К. негізгі жазадан босатылды. Ал, қосымша жаза Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығару туралы үкімнің бөлігі үкім заңды күшіне енген соң орындалуға жатады»,-деп хабарлайды Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему