Маңғыстау облыстық сотының алқа төрағасы Марат Сабырбаевты әріптестері құрметті доғарысқа шығарып салды
28 Февраля 2017 (16:33) | 2461 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының сот корпусы азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Марат Қалмұратұлы Сабырбаевты салтанатты түрде отставкаға шығарып салды.
Жиынға облыстағы судьялар корпусымен қатар, сот жүйесінің құрметті ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жас судьялар, мамандар қатысты.
Сот саласында үздіксіз 35 жыл қызмет еткен М.Сабырбаев алғашқы еңбек жолын Шевченко (қазіргі Ақтау) қалалық сотынан бастап, одан кейін түрлі қызметтерді республиканың әр өңірінде атқара отырып, киелі Маңғыстаудан отставкаға шығып отыр.
Яғни, ол Шевченко қалалық, Түркісіб, Медеу аудандық соттарының төрағасы, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы, Қызылорда облыстық сотының төрағасы, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды.
Салтанатты жиын барысында оның атына сот жүйесінің ардагерлері тарапынан көптеген жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды.
Сонымен қатар, облыс прокурорының орынбасары және қала прокуроры, Әділет басқармасының, ішкі істер департаментінің басшылары да құттықтап, М.Сабырбаевқа «Батыр шапағаты» медалін тағып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Сот ұжымы М.Сабырбаевқа адал және мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі, терең білімі мен тәжірибесі үшін алғыстарын білдіріп, иығына зерлі шапан жауып, естелік сыйлықтарын тарту етті.
Бұл жаңалықты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіжолдады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему