Ақтау қаласының прокуратурасы қалалық әкімдіктің тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тапты
25 Февраля 2017 (14:41) | 2002 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының прокуратурасымен Д. Потапованың арызының қаралуы бойынша қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастарын реттеу саласында заң бұзушылықтардың орын алғандығы анықталды.
Атап айтқанда, Д. Потапова мемлекетік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін жергілікті атқарушы органның тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізіміне жетім бала ретінде тіркелгендігі белгілі болды.
16.09.2016ж.тұрғын үй комиссиясының шешімімен Д. Потапованың және оның отбасы мүшелерінің ортақ меншігінде Ақтау қаласының 27 шағын ауданында пәтері бар деген негізбен, ол әкімдіктің тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімінен шығарып тастаған.
Ортақ бірлескен меншікте тұрғын үйдің болуы Д. Потапованың коммуналдық қордан пәтер алуына кедергі бомайтындығы комиссия мүшелерімен ескерілмеген.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабының 1-тармағына сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды делінген.
-Аталған заң талаптары қала әкімдігінің тұрғын үй комиссиясымен ескерілмей, арызданушының конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген.
Прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде Д.Потапова тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізіміне қайта тіркеліп, оның конституциялық құқықтары қорғалды,- деп хабарлайды Ақтау қаласының прокуратурасы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему